«Komandа SOS» Еріктілердің үйлестіру орталығы

«Команда SOS» Еріктілерді үйлестіру орталығы еріктілердің жігерлігімен әлеуметтік-маңызды істерді орындауға бағытталған ерікті бағдарлама болып табылады. 

 

Мақсаты – азаматтық қоғамның дамуы ретінде Қазақстанда еріктілік қызметті қолдап, дамыту

 

«Komandа SOS»:

• әрбір жеке тұлғаның өз уақытын, дарынын және күш-қуатын ешқандай сыйақы күтпестен жеке және ұжымдық акциялар арқылы басқа адамдарға арнауына мүмкіндік береді; 

• адамдардың шығармашылық әлеуетін толығымен ашып көрсетуге мүмкіндік беріп, жаңа білім, дағдылар алуына жағдай жасайды;

• әркімнің өзіндегі үздік қасиеттерді ашып көрсетуіне мүмкіндік береді;

• отбасылық және әлеуметтік құндылықтарды, азаматтық және ғаламдық ынтымақтастықты насихаттайды; 

• бүкіл қоғамды алда тұрған проблемаларды анықтау және оларды шешу үдерісіне жұмылдырады. 

 

Негізгі мақсаттары:

• еріктілер үшін біртұтас біріктіру орталығын құру (қоғам пайдасына өз білімдерін қолданғысы келген еріктілер үшін) және ҮЕҰ (еріктілермен қызмет жасағысы келетін ұйымдар).

• еріктілерді біріктіретін электрондық жүйе құру – on-line volunteering;

• қайырымдылық қызметке еріктілерді тарту, «Команда SOS» еріктілердің тиімді тобын құру және қолдау; 

• Қазақстанның еріктілер институтын дамыту;

 

Еріктілердің үйлестіру орталығының ерікті  жобалары:  

• Алматы Марафонын өткізуге көмектесу (Алматы қаласының әкімдігі және World Class фитнес клубымен бірлесе);

• Дәстүрлі қайырымдылық бойынша серіктестік бағдарламалары шеңберінде қайырымдылық және еріктілер көмегін ұсыну. 

 

Толығырақ ақпарат мына мекенжайдағы бағдарлама сайтында: http://www.volunteer.kz/