«КоМеТа» кадрлық қор бағдарламасы

«КоМеТа» кадрлық және еріктілер қоры – «Komandа SOS» Еріктілердің үйлестіру орталығы және Shakhmardan Yessenov Foundation Ғылыми-білім беру қорының арнайы бағдарламасы болып табылады.

 

Жоба кейінірек қызметкер ретінде алға жылжыту және еріктілер ретінде коммерциялық емес ұйымдар мен серіктес компаниялардағы жобаларға қатыстыру мақсатында жас, бастамашыл, дарынды, белсенді өмірлік ұстанымы бар адамдардың кадрлық және еріктілер қорын құруға бағытталған. «Біз бәрінен де адамдардағы Коммуникативтілікті, Менеджменттік қасиеттер мен Талантты бағалаймыз» деген ұраны жобаның мазмұны мен атауын түбегейлі сипаттап, ұғындырып тұрғандай. 

 

«КоМеТа» қатысушыларды іріктеудің тиімді механизмдерін, соның ішінде тестілеу, дайындау және жобаны іске асыру үдерісіне әлеуетті қатысушыларды тартудың арнайы жүйесін қолдана отырып, еріктілердің кадрлық резервін құрады.

 

Біз өз саласының нағыз маманы болған, айналадағы нақтылықты жақсартуға белсене ұмтылатын адамдарға мүдделіміз. 

 

Жоба жайлы толығырақ ақпарат аталмыш бағдарламаның мына мекенжайдағы сайтында: http://www.kometa.volunteer.kz/