«Бапкерлер Мектебі» кадрлық қор бағдарламасы

 Жаңа жобаны бастаған кезде немесе жаңа менеджер пайда

болған кезде, дөңгелекті ойлап шығарудың орнына таңдаулы

әдістер мен тәсілдерді стандарттауды үйреніңіз.

Джеффри К.Лайкер, «Дао Toyota’ның 14 қағидаты»

ЖОБА ИДЕЯСЫ: 

Бапкерлер Мектебі – бұл Сорос-Қазақстан Қорының қаржылық қолдауымен Қазақстанның ҮЕҰ еріктілік жобаларының жетекшілеріне арналған «Komanda SOS» Еріктілерді үйлестіру орталығы мен Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми-білім беру Қоры жетілдірген арнайы жоба. Жоба еріктілермен кәсіби түрде жұмыс істейтін және әлеуметтік бағдарламалардың іске асыруымен айналысатын мамандар тобын құруға бағытталған. 

 

Еріктілік жобаларды басқару саласында волонтерлік және кәсіби мамандарды қалыптастырудың негізгі мәселелерін шешуге арналған жоба. Қазақстандық реалияларға сәйкес еріктілік бастамаларды басқарудың негізгі үлгілерін және технологияларын құрып және бұл үлгілер мен технологияларды келешекте тиімді қолдануды мақсаттаған жоба. Еріктілк қызметті дамыту және дәріптеу ісінің құрамды бөлігінің бірі осы мектепті құру және іске асыру болып табылады. 

 

Бапкерлер Мектебі ұзақ мерзімді жоба болып табылады. Оқыту Алматы қаласында және аумақтарда көшпелі түрде өткізіледі:

1. Бірінші үш күндік оқыту курсы 2013 ж. қыркүйегінде Алматы қаласында Қазақстанның 14 аймағының 28 ҮЕҰ-рының қатысуымен өткізілді;

2. ҮЕҰ мен еріктілерге арналған тренингтер мен семинарлар топтамасы Бапкелер Мектебінің қатысушы ұйымы қызмет көрсететін аумақта 2013 ж. қазанынан 

2014 ж. мамырына дейінгі кезеңде өткізілді;

3. Екінші үшкүндік оқыту курсы 2014 ж. тамыз айында Алматы қаласында өтеді; Көшпелі тренингтер қатысушы ұйымның техникалық қолдауымен өткізіледі.  

 

МЕКТЕПТІҢ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ:

Бапкерлер Мектебінің Бағдарламасы кешенді болып табылады және келесі бағыттар бойынша жоба қатысушыларымен тиісті стандартталған құзыретті алуға бағытталған:

• Еріктілік жобаларды тиімді жоспарлау (стратегиялық пен жедел жоспарлау дағдылары);

• Еріктілік жобаларды кәсіби деңгейде жүргізу (project management);

• Еріктілік командаларды құру және сақтап қалу (командаларды іріктеу және құру);

• Еріктілерді  ынталандыру және жан-жақты дамыту (шабыт құралдары мен бапкерлік дағдылар).

 

ЖОБА МАҚСАТТАРЫ:

Жоба еріктілік жобаларды жүргізу саласында еріктілер және кәсіби кадрларды құрудың  негізгі мәселелерін шешуге арналған. Ол қазақстандық реалияларға сәйкес еріктілік бастамаларды басқарудың негізгі үлгілері мен технологияларын құруға, оларды келешекте тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Мектепті құру мен жұмыс атқарту еріктілік қызметтің дамыту мен дәріптеу жұмыстарының құрама бөлігі болады. 

Жоба шеңберінде еріктілермен кәсіби түрде қызмет ететін және әлеуметтік бағдарламаларды іске асырумен айналысатын мамандар тобы құрылады. Олар болашақта Мектептің тәжірибелі сарапшылары болады және алынған құзіретін аумақтардағы өз серіктестеріне жеткізе алады. Қазақстандағы еріктілік бастамалар мен бағдарламаларды басқарудың тиімді технологиялары, әдістері мен құралдарының тәжірибелік және теориялық қорлары, сонымен бірге еріктілік жобаларды іске асыру үлгілерінің, таңдаулы тәсілдері мен әдістерінің қорлары құрылады. Сондай-ақ, жоба негізінде менеджмент, бизнес-технологиялар, қарым-қатынас пен PR саласындағы сарапшылар мен бапкерлерден және аумақтық ҮЕҰ сарапшыларынан Бапкерлер Мектебінің жұмыс тобын құру жоспарланып отыр. Осы команда аумақтарға сапарлар жасайды, жалпы еріктілікті алға бастыру үшін көпшілік кездесулерді, сонымен қатар кішігірім оқыту кездесулерін/тренингтерін өткізеді. 

Жобаға Қазақстанның барлық аумақтарының ҮЕҰ-дары қатысады. Жобаның негізгі мақсатты тыңдаушылары – қазақ тілінде сөйлейтін және ауылдардағы үкіметтік емес ұйымдар. Мектеп қорытындысы бойынша Бапкерлер Мектебінің үлгілері мен технологияларына сәйкес аумақтық жобаларды бірлесіп іске асыру жоспарлануда.

МЕКТЕП  БАПКЕРЛЕРІ:

Бапкерлер Мектебінің бапкерлері бизнес-технологиялар, стратегиялық менеджмент, қарым-қатынас пен блогинг салаларының сарапшылары болып табылады. Сонымен қатар guest speakerлер – профессионалдар өз жетістіктерінің тарихы  жайлы мастер-класстарды өткізеді.

 

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ:

+ 7 705 888 57 88 – Григорий

+ 7 705 181 83 95 – Алия

komandasos@gmail.com

www.volunteer.kz | www.komandasos.kz | www.yessenovfoundation.org