Күләш Жұмаділова

22-жастағы Nazarbayev University түлегі, Шымкент қаласының тумасы молекулярлық және құрылымдық биологияны зерттеумен айналысады.  Ғылыми тағылымдаманы 2014 жылдың жазында Берклиде орналасқан Lawrence National Laboratory құрылымдық биология Орталығында өтті. Осы жылдың жазында Philips Kazakhstan LLP шәкіртақысының иегері ретінде, Күләш Digital High Tech Campus Eindhoven-ндегі EIT жазғы мектебіне қосылды (Нидерланд корольдігі). Бұл жерде ол денсаулық сақтау салында стартаптарды құрудың егжей-тегжейін үйренбекші.
Күләш Жұмаділова
1. Дәл осы мамандықты таңдадауыңыздың себебі неде?
Мені әрқашан да айналадағы әлемді өз қабілетімен түсіндіре алатын жаратылыстану ғылымдары қызықтыратын. Алайда неге нақты көңіл аудару керек екенін мектепте анатомияны және физиологияны оқып бастағанда түсіндім.  Тек осыдан кейін ғана биологияны барынша терең оқуды, олимпиадаларға қатысуды бастадым.  Nazarbayev University-де молекулярлық биологияға зейінімді аудардым.  Бүгінгі күнде биология саласында бар назар жасушалардың молекулярлық үдерісіне, сонымен қатар бұл үдеріс оның көбеюіне, дамуына және де ауруға қалай әсер ететіндігіне бағытталған.  Бұл мамандық пәнаралық көзқарасты талап етеді, сондықтан да мен физиканы және математиканы оқи бастадым. Құрылымдылық биология – мен өткен тағылымдамадағы жобаның саласы – молекулалардың құрылымын және олардың функцияларын зерттейді, бұл дегенің биология синтезі, физика және де математика.

2. Машықтануға түсу үшін өткен байқау туралы айтып кетсеңіз?
Байқаудың нәтижесін күту болар.. Бізге іріктеу кезеңінде түсіндіріп айтқандай, қандай үміткер ары қарай өтетінін, ал қандайы өтпейтіні - бұл қордың өзі қойған талаптарына негізделеді.  Қор үшін бұл тағылымдамаға қатысушыларды ең алғашқы іріктеуі болған еді.  Сондықтан да мен шынайы өзімді көрсетіп, өзіме берік болуды шештім.

3. Машықтанудың жалпы сіз үшін пайдасы, сонымен қатар қандай қызықты жайттар болды?
Өте көп қызықты жайттар! Менің жолым болып тағылымдаманы Берклидегі Калифорния университеті кампусында өттім. Көптеген семинарларға және дәрістерге қатыстым, жолым болып Нобель силығының физика лауреаттары Саула Перлмуттердің және Джордж Смуттың дәрістерінде болдым. Зертханадағы орта қатты ұнады. Жаңа білім, тәжірибелер, ең бастысы адамдар. Ғалымдармен, зерттеушілермен және де жергілікті студенттермен араласу өте қызықты болды. Бос уақытымда өткен ғасырдың басында отырғызылған университеттің эвкалиптік тоғайында қыдыратынмын. Шығанақтың келесі бетінде орналасқан Сан-Франциско да ерекше таң қалдырды.   Жолдастарыммен Калифорнияның университеттеріне шағын тур жасап, Стэнфордта және  Калифорнияның политехникалық университетінде болдық.

4. Машықтанудың нәтижесін қалай сипаттай аласыз?
Менің ойымша мен жеке және кәсіби тұрғыдан өстім.  Зертханада тек қана жұмыс уақытында ғана емес, эксперимент қанша уақытты талап етсе соншалықты жұмыс істеудің қандай екенін түсіндім. Уақытты қалай жоспарлау, топта қайлай жұмыс істеу, осындай бейтаныс кеңістікте қалай тез бағдарлай білу – осының бәріне де Штаттарда үйрендім. Мәдениет тұрғысынан да көп нәрсеге үйрендім:  жаңа достар таптым және де калифорниялықтардың еркіндік сүйгіштігімен әсерлендім.