Нұрбек Тәжімбетов

Нұрбек – 22 жаста, туған жері – Ақтөбе қаласы. Осы жылы Назарбаев университетін бітіріп, Стэнфорд университетінде оқуын жалғастырмақшы. Қор грантымен қаржыландырылған 2014 жылғы ғылыми тағылымдамасын Калифорния технология университетінде профессор Оскар Бруно бастаған тобында өтті. 
Нұрбек Тәжімбетов
1. Осы мамандықты таңдауыңыздың себебі неде?
Мектепте оқып жүргенде математикаға деген қызығушылықтан басталды. 2011 жылы республикалық физика-математика мектебін бітірдім. Одан соң университетті аяқтағаннан кейін банк жүйесінде жұмыс жасаймын деп жоспарлап жүргенмін. Бірақ мамандануды таңдау сұрағы бірінші курстан кейін-ақ шешуді талап етті: экономика ма немесе математика ма? Ата-аналарым болса, инжинер болғанымды талап еткен еді. Ақыр аяғында ымыраға келіп, экономика мен инжинерияның арасында жатқан математикамем айналысуды таңдадым. Бүгінгі таңда оқуымды одан іәрі жақсы корудемін.

2. Машықтануға түсу үшін өткен байқау туралы айтып кетсеңізу? Ең қиыны не болды?
Байқау мен үшін аса қиын өтті демеспін. Бірақ бәсекелес қатысушыларды атап өтер едім – олар байқаудың екінші сатысына қатысқан ерікті әрі өршіл адамдар. Алайда мұны қиыншылық деймеймін, себебі осы студенттердің арқасында мен де өз қабілеттерімді одан әрі жақсартуға түрткі болды.  Адал бәсекелестіктің артықшылығы жоқ.

3.    АҚШ-тағы тағылымдама кезінде қандай қызықты оқиғалар болды?
Мен Калифорния штатында болдым. Сол жақтың тұрғындары өте ұнады. Күншуақ ауарайысы да көңілімнен шықты. Тек қана Американдық емес, басқа елдерден келген студенттермен араласып, ғылымда ел, дін, нәсіл деген сипаттама жоқ екеніне, тек қана идеяның басты роліне тағы бір мәрте көзім жетті.  Мен тұрған Пасаденадан Лос-Анджелеске жиі барып тұрдым. Қызулы жұмыс аптасынан кейін концертке, барға барып иә болмаса жай ғана жатақхананың жаңа студенттерімен танысып, әңгіме-дүкен құрдық. Жүзуді толық игермесем де, университет хауызына жазылдым. Астанаға оралғаннан кейін жүзу сабақтарын тоқтатпай, қазір әжептәуір жүзе білемін.

4. Тағылымдаманың нәтижесін қалай сипаттай аласыз?
Жеке даму тұрғысынан шетелде жай ғана серуендеуден басқа өмір сүру мен еңбектенудің не екенін меңгеріп келдім. Ғылыми ортада жұмыс жасаудың ерекшеліктерін үйрендім. Калифорния технология университетінің басқа да ғылыми қызметкерлерінен басқа қолданбалы математика саласындағы ең мықты профессорларының бірімен қатар еңбек еттім. Ал профессор Бруноның берген тәжірибесі мен қолдауының арқасында осы жылы бірнеше университет қатарынан маған шақыру қағазы келді: Стэнфорд, Корнелл, Калифорнияның Санта Барбара мен Санта Круздағы екі университеті және Жапониядағы Окинава ғылым және технология университеті. Стэнфорд жоғары оқу орнын таңдап, 2016 жылдың қыркүйегінде есептеу және математика инженериясы саласындағы докторантурасын бастаймын.