Сағынкүл Еркімбекова

Сағынкүл – 22 жаста, туған жері – Астана қаласы. Қазақстан-Британ техникалық университетін (ҚБТУ) 2015 жылы тәмамдады. 2014 жылы Алабама Университетінің Жасыл технологиялар орталығындағы доктор Робин Роджерстің зертханасында қор грантына ғылыми машықтануды жүзеге асырды. Қазіргі таңда Атырау қаласында мұнай-сервис компаниясында инженер-технолог болып жұмыс істеуде. 

Сағынкүл Еркімбекова

 

1. Осы мамандықты таңдауыңыздың себебі неде?

Мектеп қабырғасынан бастап-ақ маған нақты ғылымдар, әсіресе, химия ұнайтын. Мектеп бағдарламасы химияның негізін ғана қамтитын, сондықтан ғылымды толық көлемде тану үшін көп оқыдым; семинарлар мен курстарға бардым, химиядан олимпиадаларға, байқаулар мен конференцияларға қатыстым. 10-11 сыныптардың өзінде-ақ мұнай-газ және мұнай-химиялық индустрияға қызыға бастадым. ҚБТУ Химиялық инжинерия мектебіне оқуға түстім. Мен алдыма өз мамандығым бойынша неғұрлым көбірек тәжірибе жинап, ҚБТУ-ды ойдағыдай аяқтаймын деген мақсат қойған едім.  Дегеніме жеттім. 

 

2. Машықтануға түсу үшін өткен байқау туралы айтып кетсеңізу? Ең қиыны не болды?

Конкурсқа құжаттарды уақытында жинау - себебі, құжаттарды тапсыру финалдық емтихандармен бір уақытқа сәйкес келіп қалған еді. Екінші финалдық тур да оңай болған жоқ. Өзіңнің грантты алуға лайықты екендігіңді дәлелдеу және шетелде өз университетіңнің және өз еліңнің атынан шығу, мен үшін маңызды болды. Бірақ мен оған тиісті деңгейде жауап беріп, АҚШ-та машықтанудан өтуге бөлінген грантты иеленген он бақытты адамның қатарына кірдім.

 

3. АҚШ-тағы машықтану кезінде қандай қызықты оқиғалар болды?

Америкаға барған кезде, кездескен адамдармен тез тіл табысып кеттім. Университет қызметкерлері мен студенттер әр түрлі ұлт өкілдері болды, сол себепті, олардың мәдениетін, дүниетанымын және ғылымға деген көзқарасын білудің танымдылығы зор болды. Ең жақсы есте қалғаны - Мэн штатындағы Gordon Research Conference конференциясы болды, ол жерге әр түрлі университеттердің әлемдік ғалымдары мен химиялық және мұнай-газ компанияларының өкілдері келді. Өнеркәсіпте қазірге дейін уақыт сынынан өткен өндіріс және технология модельдері қолданылатындығына қарамастан, өз саламыздағы жаңа технологиялар туралы білу қызықты болды. 

 

4. Машықтанудың нәтижесін қалай сипаттай аласыз?

Бүкіл американдықтар тайм-менеджментті өте жақсы меңгерген екен, олар өзінің де, сол сияқты басқа адамдардың да уақытын бағалайды екен. Бұл мен үшін үлгі болды. Машықтану нәтижесінде мен неғұрлым жинақы болып, өз кәсібімді жақсырақ түсінетін болдым, сенімділігім артты, өте мол тәжірибе алдым. Және қазір, инженер-технолог мамандығы бойынша жұмыс істей отырып, Америкадағы машықтану кезінде алған іргелі де, сондай-ақ, инженерлік химия машықтарын да қолданам.