ЖАЗҒЫ СЫНАҚ МЕРЗІМІН ӨТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

АҚШ ЗЕРТХАНАЛАРЫНДА ЖАЗҒЫ СЫНАҚ МЕРЗІМІН ӨТУ – ЖАРАТЫЛЫС ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАЛАРЫНДА ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЖАҢА БУЫНЫН ДАЙЫНДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ БАСТАЛДЫ

Shakhmardan Yessenov Foundation ғылым және білім беру қоры АҚШ университеттерінде қызмет көрсететін қазақстандық ғалымдар тобымен бірлесіп, докторантураға түсуге ынталы студенттерге арналған АҚШ зертханаларында жазғы сынақ мерзімін өту бағдарламасын іске асырады. Бағдарлама 22 қазан 2013 ж. басталады, ал сынақ мерзімі 2014 ж. мамыр айынан қыркүйегіне дейін өтеді. Бағдарлама мақсаты – болашақта ғылыми қызметпен айналысып, елінің ғылыми әлеуетін дамытқысы келетін дарынды қазақстандық студенттерді іздеу, іріктеу және қолдау.

Жазғы сынақ мерзімін өту бағдарламасы Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми және білім беру қорының және АҚШ университеттерінде қызмет ететін қазақстандық ғалымдар тобының бірлескен бастамасымен өткізіледі. Жазғы сынақ мерзімін өту гранттары Қор есебінен қаржыландырылады, жалпы бюджеті 35 000 АҚШ доллары. Қатысушылардың гранттық өтінімдерін сарапшылық бағалау, іріктеу, АҚШ-тағы докторантура бағдарламасына түсу үдерісін жас қазақстандықтарға түсіндіруде кеңестік қолдау және жетекші зертханаларда өткізілетін жоғарыда айтылған ғылыми сынақ мерзімін өтуді ұйымдастырумен АҚШ-та қызмет ететін отандас-ғалымдар айналысады.

Зертханалардағы жазғы сынақ мерзімін өту бағдарламасының мақсаты: болашақта ғылыми қызметпен айналысуға ынталы дарынды қазақстандық студенттерді іздеу, іріктеу және қолдау, сонымен қатар  жалпы еліміздің ғылыми және зерттеушілік әлеуетін дамыту.

Берілген бағдарлама байқауының екі кезеңінен өткен ең мықты бес студент 2014 жылы АҚШ зертханаларында жазғы сынақ мерзімін өту грантына алу мүмкіндігіне ие болады. Бағдарламаға ҚР азаматы болып табылатын, Қазақстандық ЖОО-ның техникалық және жаратылыс ғылымдар мамандықтарының 2,3 курс студенттері қатыса алады.  

Бағдарлама АҚШ-тың және Еуропаның кез келген ЖОО-на докторантураға түсуді мақсат ететін студенттерге докторантураға түсуге қажетті эксперименталды және зерттеулік тәжірибе алуға мүмкіндік береді.

Жазғы сынақ мерзімін өту бағдарламасы кешенді болып табылады және жол грантының берілуін ғана емес, сонымен қатар сынақ мерзімініне түсуге сәйкесінше дайындық және тиісті бағытты және т.б. таңдау кезінде жәрдемдесуді де қамтиды.

Бағдарлама кезеңдері:

  • Ғылыми қызметпен айналысуға ынталы дарынды студенттерді іздеу мен іріктеу (22.10.2013 жылдан 30.11.2013 жылға дейінгі кезең);
  • Бірінші іріктеу кезеңін өткен қатысушыларды дайындау, бағдарламаға түсу кезінде жәрдемдесу және консультациялық көмек көрсету (01.12.2013 және 01.03.2014 ж. аралығында);
  • АҚШ зертханаларында сынақ мерзімін өту кезінде жол және сол мемлекетте тұру шығынын қамтамасыз ететін грант беріледі (2014 ж. маусымынан тамызына дейін);

Бүгінгі таңда докторантура бойынша «Болашақ» бағдарламасында оқитын студенттер саны жалпы шәкіртақы алушылар санының 1% арттырпайды. PhD бағдарламасы бойынша оқитындар санының төмен болуының негізгі себеп - АҚШ-тағы PhD бағдарламасына түсу тәртібін білмегендігі, ағылшын тілінің төмен деңгейі және түсуге әлеуетті кандидаттарда эксперементалды жұмыс тәжірибесінің жетіспеушілігі.

Shakhmardan Yessenov Foundation ғылым және білім беру қорының жазғы сынақ мерзімін өту бағдарламасы жас қазақстандықтарға ағылшын тілі деңгейін арттыруға, қажетті тәжірибелік біліктілік алуға және PhD бағдарламасы бойынша оқу өтінімін дұрыс толтыруға мүмкіндік береді. Берілген бастаманың іске асырылуы республикамызға докторантура бағдарламасы бойынша оқитын шәкіртақы алушылар санын тиімді арттыруға, ең үздік университеттерде ғылыми кадрлардың жаңа ұрпағын өсіруге мүмкіндік береді.

ҚОР ЖАЙЛЫ:

Shakhmardan Yessenov Foundation – ғылым және білім беру Қоры меценаттық дәстүрін жалғастыра отырып, Қазақстанның жоғарғы білім, ғылым және инновация салаларын дамыту мақсатымен 2013 жылы құрылды. Қор қызметі қызметтестікке деген ашықтықта, іске асырып отырған бағдарламалардың ашықтығында және пайдалы қызмет коэффициентінің жоғарылағына негізделеді.

 

Қор Міндеті: Еліміздің зияткерлік әлеуетін арттыру.

Қордың стратегиялық мақсаттары:

  • Мемлекеттің зияткерлік әлеуетін арттыру мақсатында Қазақстан ғылымы және білім беру саласын дамытуға көпжақты жәрдемдесу.
  • Отандық  ғылымды дамыту және  жер қойнауын пайдалану, энергетика, экология және т.б.  салалардағы өндірістің қарқынды және жоғары технологиялы әдістерге өтуі арқылы экономиканың тұрақты дамуына жәрдемдесу.
  • Геология, мұнай және газды барлау, энергетика, экология және басқа да қатысты салалар мамандарын дайындайтын ҚР жоғарғы оқу орындарынның бәсекелестікке қабілетін арттыруға жәрдемдесу;
  • Қолданбалы ғылыми зерттеулер саласын дамытуға жәрдемдесу.

 

АҚШ-та ОҚИТЫН ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР ТОБЫ:

Берілген бағдарламаны іске асыруда жәрдемдесуге ниет білдірген қазақстандық ғалымдар тобының құрамында Архат Абжанов – Harvard University профессоры, Сакен Шерханов PhD, UCLA студенті, Тимур Жиентаев Phd, Caltech студенті, Ернур Рысмагамбетов BS, Caltech студенті, физика пәні бойынша олимпиада құрамының қазіргі бапкері Эльдар Ахметгалиев Phd, Caltech студенті секілді тұлғалар бар.