РЕСПУБЛИКАМЫЗДЫҢ ЕРІКТІ ҮЕҰ ЖЕТЕКШІЛЕРІ БІРЛЕСІП ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЫН ДАЙЫНДАЙДЫ

 РЕСПУБЛИКАМЫЗДЫҢ ЕРІКТІ ҮЕҰ ЖЕТЕКШІЛЕРІ БІРЛЕСІП ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЫН ДАЙЫНДАЙДЫ

 

Жаңа жобаны бастаған кезде немесе жаңа менеджер пайда

болған кезде, дөңгелекті ойлап шығарудың орнына таңдаулы

әдістер мен тәсілдерді стандарттауды үйреніңіз»

«Дао Toyota 14 қағидат», Джеффри К.Лайкер»

 

2013 ж. қыркүйек айының 13-нен 15-не дейін Алматы қаласында бүкіл Қазақстанның волонтерлік ұйымдарының жетекшілері мен үйлестірушілері үшін Бапкерлер Мектебінің бірінші курсы басталады. Бұл волонтерлармен кәсіби түрде жұмыс істейтін және әлеуметтік бағдарламаларды іске асырумен айналысатын мамандар тобын құруға бағытталған жоба. Бапкерлер Мектебі шеңберінде қатысушылар еріктілік бастамаларын дамыту мақсатында әр аумақ үшін бөлек жобалар топтамасын құрастырады

 

Бапкерлер Мектебі – бұл Сорос-Қазақстан Қорының қаржылық қолдауымен Қазақстанның ҮЕҰ волонтерлік жобаларының жетекшілері үшін «Komanda SOS» Волонтерлерді Біріктіру Орталығымен жетілдірілген арнайы жоба.Бапкерлер Мектебінің ұйымдастырушыларыShakhmardan Yessenov Foundation ғылыми-білім беру қоры және Ұлттық Волонтерлік Желі болып табылады.

Еріктілік жобаларды басқару саласында волонтерлік және кәсіби мамандарды қалыптастырудың негізгі мәселелерін шешуге арналған жоба. Қазақстандық реалияларға сәйкес еріктілік бастамаларды басқарудың негізгі үлгілерін және технологияларын құруға мүмкіндік беретін, сонымен қатар келешекте тиімді қолдануға арналған жоба. Волонтерлік қызметті дамыту және дәріптеу ісінің құрамды бөлігі мектепті құру және еңбек еткізу болып табылады.

Жоба шеңберінде волонтерлермен кәсіби түрде қызмет ететін және әлеуметтік бағдарламаларды іске асырумен айналысатын мамандар командасы құрылады, олар болашақта Мектептің тәжірибелі сарапшылары болады және аумақтарда өз серіктестеріне алынған құзіретін жеткізе алады. Қазақстандағы еріктілік бастамалар мен бағдарламаларды басқарудың тиімді технологиялар, әдістер мен құралдардың тәжірибелік және теориялық қорлары, сонымен бірге волонтерлік жобаларды іске асыру үлгілерінің, таңдаулы тәсілдер мен әдістерінің қорлары құрылады. Сонымен қатар жоба негізінде менеджмент, бизнес-технологиялар, қарым-қатынас пен PR саласындағы сарапшылар мен бапкерлерден, және де аумақтық ҮЕҰ сарапшыларынан Бапкерлер Мектебінің жұмыс тобын құру жоспарланып отыр. Осы команда аумақтарға тікелей сапарлар жасайды, жалпы еріктілікті алға бастыру үшін көпшілік кездесулерді, сонымен қатар кіші-гірім оқыту кездесулерін/тренингтерін өткізеді.

Жобаға Қазақстанның барлық аумақтарының ҮЕҰ қатысады, жобаның мақсатты тыңдаушылары – қазақ тілінде сөйлейтін және ауылдардағы үкіметаралық емес ұйымдар. Мектеп қорытындысы бойынша Бапкерлер Мектебінің үлгілері мен технологияларына сәйкес аумақтық жобаларды бірлесіп іске асыру жоспарлануда.

Бапкерлер Мектебі ұзақ мерзімді жоба болып табылады. Оқыту үш кезеңнен тұрады:

  1. Бірінші үш күндік оқыту курсы 2013 ж. қыркүйегінде Алматы қаласында өтеді;

Қонақ үй мен жол шығыны Бапкерлер Мектебінің ұйымдастырушылары төлейді;

  1. Бапкерлер Мектебінің қатысушы-ұйымы қызмет көрсететін аумақта серіктестерге және волонтерлерғе тренингтер мен семинарлар топтамасы өткізіледі;

Көшпелі тренингтер қатысушы-ұйымның техникалық қолдауымен өткізіледі;

  1. Екінші үшкүндік оқыту курсы 2014 ж. мамыр айында Астана қаласында өткізіледі;

Бірінші Бапкерлер Мектебінің бапкерлері бизнес-технологиялар, стратегиялық менеджмент, қарым-қатынас пен блогинг салаларының сарапшылары, сонымен қатар guest speakerлер – профессионалдар өз жетістіктерінің тарихы  жайлы мастер-класстарды өткізеді.