«ТІЛЕКТЕР ШЫРШАСЫ » 2017 ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының Komanda SOS  Координациялық еріктілер орталығы осымен жетінші рет «Тілектер шыршасы» қайырымдылық акциясын өткізді. 

«ТІЛЕКТЕР ШЫРШАСЫ » 2017 ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ 

Бұл жолы іс-шараның басты кейіпкерлері Алматының маңында орналасқан «Мен сенімен біргемін» атты онкологиялық аурулармен ауыратын балаларды дамыту және қолдау орталығының жас емделушілері болды. Балалардың тілектерін 30 бірдей қазақстандықтар орындады. (олардың ішінде Астана, Ақсай, Павлодар, Алматы және Чикаго тұрғындары бар).  Сонымен қатар аталмыш акцияға біреше ұйым мен компаниялар да қатысты.

 

– «Тілектер шыршасын» өткізген жеті жыл ішінде біз 170  астам балаларға сыйлықтар жасадық. Олардың отбасылары да сыйлықтар мен азық-түлік себеттерін сыйға алды.  Осы жылы біз «Рухани Азия» қорымен байланысқа шығып,  осы орталықтың балаларына көмек көрсетуді шештік, –  деп жобаның ұйымдастырушысы Григорий Ли атап өтті. – Желтоқсан айының басында біз балалардың тілектерін жазып алып, игі іс жасауды қалайтын адамдарға хабарласып, сыйлықтарды жинап, ескі Жаңа жыл қарсаңында жаңа жылдық сыйлықтарды табыс еттік. 

 

Онкологиямен ауыратын балалары бар  6 аз қамтылған отбасы қосымша азық-түлік себеттерін сыйлыққа алды (ұн, өсімдік майы, жемістер, тұз, жұмыртқажәне де жармалар).«ТІЛЕКТЕР ШЫРШАСЫ » 2017 ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ 

 

– Балалар қуыршақтар, конструкторлар, киімдер, ноутбук, тіпті тігін машинасы сияқты сыйлықтарын алғанда,  қуаныштарын жасырмады. Бізге тіпті олар аз уақытқа болса да  өздерінің – лейкоз, ретинобластома, карцинома сияқты қорқынышты диагноздарын ұмытқандай болып көрінді. Балалардың көбі аурудың 3-4 сатысында  , – деп Есенов атындағы қордың жобалар үйлестірушісі Жадыра Сарманова әріптесінің сөзін толықтырды. – Акция аясында біз сонымен қатар, 4 жастағы Айғаным Хамиттің дәрі-дәрмегіне 130 мың теңге жинай алдық. Толық болмасада, 4 жастағы Лера Герасюктің отасына да  ақша жиналды. Бүлдіршінде нейрофиброматозаның 4 сатысы (қабақ ісігі). Жанашыр қазақстандықтар қажетті біржарым миллион теңгенің бір миллионға жуығын жинады. Ақша жинау жалғасуда.

 

Сыйлықтар «Мен сенімен біргемін» орталығына да жасалды. Орталық басшылығының сұранысымен Қазақстан шахмат федерациясы атынан балалармен дамыту сабақтарын өткізу үшін 5 шахмат тақтасы сыйға берілді. Әр жыл сайын «Тілектер шыршасы» акциясының ұйымдастырушылары өздерінің көзқарастары бойынша көмекке ең мұқтаж балаларды жинап, оларды суретке түсіріп, онлайн орналастырады. Әр бір суретке бала туралы, оның диагнозы және жаңа жылдық тілегі туралы қысқаша ақпарат тіркеледі. Акцияға үн қатқан отандастарымыздың арқасында барлық балалардың тілектері орындалып, Ескі Жаңа жыл қарсаңында  сыйлықтарын алады.  Акцияны Voxpopuli.kz және де «Спутник» сауда-ойын-сауық орталығы қолдайды.