БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ АЯЗ АТА БОЛУ

5 желтоқсанда Алматы қаласында сегізінші «Тілектер шыршасы» жаңа жылдық науқан бастау алды. Науқан қайырымдылық алушылары Алматы облысының Талғар қаласында орналасқан «Нұр» балалар үйінің 46 тәрбиеленушілері болмақ. Қазақстанның әрбір бей-жай емес азаматы науқанға қатыса алады.

БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ АЯЗ АТА БОЛУ

 

Ең кішкентай тәрбиеленуші екі жаста, ең ересегі он жетіде. Олар көптеген балалар сияқты Аяз Атаға хат жазады, кейбіреулері сиқырлы атаға сенбейді,  дегенмен  тілектерінің орындалуына үміттенеді. Науқан мақсаты — өмірдің қиын жағдайларына байланысты назардан қалған балаларға осы мереке күндері ілтипат білдіру. «Тілектер шыршасының» мәні –  балалар өз жаңа жылдық тілектерін айтады, ал ерікті науқан қатысушылары БАҚ арқылы бала тілегін біле тұра оған сыйлық жасайды. Науқан ұйымдастырушыларының ойынша, атап айтқанда академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры, ақпараттық портал Tengrinews.kz, «Алматы марафон» және World Class Almaty, сыйлықтармен бірге балалар өзіне сенімділік пен қамқоршылық сезімін алады. 

 

— Біз ғаламторда балалардың жаңа жылдық тілектерін жарияладық. Бір ай ішінде сыйлықтарды жинап аламыз. Почта арқылы тасымалданып, Жаңа жылдық қарбалас аяқталысымен Ескі Жаңа жыл қарсаңында тарту етуді жоспарлап отырмыз. «Тілектер шыршасы» 7 жыл ішінде 200 жуық баланың арманын орындады, — деп бөлісті академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының жобалар координаторы Григорий Ли.

 

— Менің өзім жетім болып өскендіктен, ата-анасыз өмір сүру не екендігін білемін. Сол себепті 19 жыл бұрын біз – жұбайым екеуіміз балалар үйін ашуды шештік. Содан бері 700 баланы түлеттік. Мемлекет бізді қаржыландырмайды, негізінде демеушілер көмектеседі.  Жастардың өз еріктерімен келіп, балалар мен жасөспірімдердің өздерінен «Аяз Атадан не қалайсыздар?» деп сұрағандарына біз қуаныштымыз. Балалардың негізгі қалауларын орындап жатамыз, олардың сұраулары да қарапайым. Мейірімді адамдардың ат салысуымен балалардың армандары орындалады деп сенемін. Бірақ біздің ең үлкен қайғымыз — ғимарат жөндеу қажеттілігі.  Науқан арқылы демеушілер назарын аударып, бұл мәселе шешімін табатынына сенеміз, — деп «Нұр» балалар үйінің директоры 73 жасар Туяк Ескожина үміттенеді. 

 

Балаларға өмір бойы ілтипат мен ізеттілікті сезіну қажет. Псигологтардың пайымдауынша, мейрам күндері олардың бұған қажеттілігі артады, әсіресе жетім балаларда. 

 

— Балалар үйіне түскендердің жанында сатқындық пен бас тартушылық сезімі мәңгілікке қалады. Анасы бас тартты ма, әлде ата-анасы қайтыс болды ма – айырмашылық жоқ. Әрбір жыл кішкентай бүлдіршін үшін жаңа сенімнің бастамасы іспеттес, бұл мейрамда - ғажайыпқа деген үміт. Біріншіден – баланың ата-анамен адам ретінде қабылдануы. Олар болмаған жағдайда, орнын баса тұрған тұлғамен.  Сол себепті ата-анасымен бірге өсіп жатқан баладан гөрі, ол үшін бұл мейрам аса маңызды,—  деп ТМД Кәсіби психотерапевтік лига мүшесі, психолог Айгуль Садыкова науқанға түсініктеме берді.  

 

«Тілектер шыршасына» қатысып, балалар үйінің тәрбиеленушісіне сыйлық жасауға ықыласыңыз болса, Алматы қаласында 346 92 88 номеріне немесе +7 705 888 57 88 және +7 747 431 35 98 хабарласа аласыздар. Тәрбиеленушілермен және олардың тілектерімен танысу сілтеме арқылы.

 

__________________________________________________

Өткен жылғы "Тілектер шыршасы" қорытындысы сілтемеде