IT-ТАҒЫЛЫМДАМАЛАР: ЖАЛҒАСЫ БАР!

АҚШ-тың IT-стартаптарындағы тағылымдама бағдарламасына жаңа байқау 25 қыркүйектен басталады. Өткен жылғы байқау сәтті аяқталып, Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының Қамқоршылар кеңесі ағымдағы жылда бағдарламаны жалғастыруды қолдап отыр. 

IT-ТАҒЫЛЫМДАМАЛАР: ЖАЛҒАСЫ БАР!

 

 Өткен жылдың барлық жеңімпаздарымен сөйлесіп, кері байланыс алған болатынбыз.  Сонымен қатар бағдарламаның өту барысына, жүзеге асырылуына, нәтижелеріне де талдау жасап, қордың қамқоршыларына бағдарламаны 2018 жылда қаржыландыруды ұсындық, себебі қорытындыларға өте разымыз, - деп қордың атқарушы директоры Айғаным Малишева бөлісті.   

 

Тағылымдаманы тәмамдаған бес жеңімпаздың төртеуі стартаптарында араларына бірнеше мың шақырым қашықтықты салып жұмыс жасауды жалғастырса, біреуі тіпті стартаптың бөлімшесін Қазақстанда ашып та үлгерді.  Осындай нәтижелерді ескере отырып Қамқоршылар кеңесі қор қызметкерлерінің ұсынысын мақұлдады.  Байқауға құжаттарды қабылдау 25 қыркүйектен 22 қазанға (23:59) дейін жүреді.  Қор тағы бір мәрте ақпараттық технология саласындағы ең үздік студенттер мен мамандарға 5 оқу грантын ұсынбақшы.  Тағылымдамалар АҚШ-тың Кремний алқабында шоғырланған алдыңғы қатарлы стартаптарында өтеді.  Өтінімдерді бағалау және сұхбаттан тұратын екі сатылы іріктеу бағдарлама жеңімпаздарын анықтайтын болады.  Байқаудың толық ережесімен осы жерден таныса аласыздар. 

 

— Сұхбаттасу кезеңінде қызығушылық танытқан американдық стартаптардың өкілдері қатысуы әбден мүмкін.  Бұл, өз кезегінде, виза алуды тездетіп, тағылымдаманы 2018 жылдың қаңтарында бастап кетуге мүмкіндік береді. Мәселен алдыңғы жылы байқаудың аяқталуы мен жеңімпаздардың тағылымдамаға аттануы арасында төрт ай өткен еді.  Осыны ескере отырып, биыл байқауды ерте жариялап, қарашаның 8-ші жұлдызында американдық стартаптарда кәсіби машықтарын арттыратын бес қазақстандықтардың есімін білетін боламыз, – деп Есенов атындағы қордың бағдарлама үйлестірушісі Ильзира Алдагарова түсіндірді.

 

Қор өткізген зерттеу нәтижесінде стартаптарда ең талап етілетін мамандықтардың келесі тізімін де айқындап үлгерді: Front end developer, Back end developer, System level programmer, Data scientist, Mobile developer және Database engineer.