ТӨРТТІК НИЦЦАДА

Ницца, Франция, 22 тамыз – Жер туралы ғылымдар бойынша халықаралық IESO-2017 олимпиадасы басталады.  Қазақстан атынан ұлттық іріктеуден өткен төрт мектеп оқушылары қатысады. Біздің құраманың жарысқа қатысуын және спарларын Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры қаржыландырады.  

 Молдир Шынгыс, Владислав Винтенбах және Аружан Калымова Молдир Шынгыс, Владислав Винтенбах және Аружан КалымоваГлеб СмирновГлеб Смирнов

  

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың қаңтар айында «Жас геолог»  корпоративтік қоры еліміздің барлық өңірлерінен балалар қатысқан іріктеу өткізген болатын. Аталмыш байқаудың жеңімпаздары болып өскемендік Глеб Смирнов пен астаналық Мөлдір Шыңғыс, Владислав Винтенбах және Аружан Қалымова атанды. 

 

Қордың жобалар үйлестірушісі Нұрсұлтан Нұрмұхановтың айтуы бойынша, «қор Академик Есеновтың 90 жылдығына орай қазақстандық жас геологтар командасын қолдауға шешім қабылдады». 

 

Тоғызыншы сыныпта оқитын Аружан ерте жасынан бастап фортепианода ойнап, музыкалық байқауларда жүлделі орындарға ие болған. Сонымен қатар, гитарада ойнау қызықтыратын жас қыз мектептегі музыка тобының бір мүшесі. Күтпеген жерден ол өз бойында геологияға деген қызығушылықтың бар екенін байқады: 

— Төрт жеңімпаздың бірі болу мен үшін үлкен қуаныш болды! Осы жарты жыл ішінде мен өзім үшін көптеген жаңалықтарды аша отырып, дайындыққа бар ынтамды салдым.  Бәріміз өз білімімізді көрсетіп, Қазақстан абыройын бүкіл әлем алдында түсірмейміз деп осы мүмкіндікті асыға күтудеміз, — деп бөлісті Аружан өз ойымен.

 

Команданың тағы бір мүшесі Владсилав 17 жаста. Ол Назарбаев зияткерлік мектебінде математика және физика саласында білім алуда.  Оның қоржынында сәтті бітірген жергілікті және шетелдегі оқу курстары бар.  Мысалы, ағылшын тілінен. Ал 2014 жылдың жазында ол Сингапурде өткен Discovery Science Workshop шарасының қатысушысы болды.  Владсилавтың қоржынында сонымен қатар жер ғылымдарымен байланысты қазақстандық және ресейлік олимпиадалардағы жеңістер де бар. Ол футболмен әуестенеді және каратемен де айналысады.  

 

Мөлдір де Власдислав секілді 17 жаста. Ол өзін «кітап оқуды, велосипедте серуендеуді және уақытын жақын адамдарымен өткізуді ұнататын қарапайым адам» деп сипаттайды. Ол музыкаға қызығушылық танытады, скрипкада ойнайды және жас жазушылар байқауларына қатысып тұрады.  Алайда, оған ең – жақыны химия мен биология.

— Мен сынақтардан қайта-қайта өтуді, өзімді сол арқылы жігерлендіруді, жаңа нәрселерді білуді, әлеммен танысып, баға жетпес тәжірибе мен білім алуды жақсы көремін. Біздің команда алдағы олимпиададағы тапсырмаларды ойдағыдай орындап шығатынына сенемін, — деді Мөлдір.

 

Глеб Өскемен қаласындағы математика, физика және информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейде оқиды.  Оның геологиядан терең танымы бар, «Жас геолог» үйірмесінің жұмысына атсалысқан, сондықтан да байқаудағы жеңісті ол орасан зор құлшыныспен, шабытпен қабылдады. Ғылымды Глеб екінші сыныптан бастап зерттеуде және қазіргі күннің өзінде бірнеше ғылыми жұмыстар жасап үлгерді.  Қазіргі таңда жасап жатқан жұмысы Солтүстік Зайсанның (Шығыс Қазақстан облысы) эзогенді үдерісін зерттеуге арналған. 

— Осындай олимпиадаға бірінші рет қатысып отырмын. Қазіргі таңда біздің команда олимпиадаға қызу дайындық үстінде. Әрбір апта сайын Skype-та бірлескен сабақтар өткіземіз, ол жерде біз түрлі геологиялық тақырыптарды талдаймыз, терминдерді жаттаймыз және де ағылшын тілін үйреніп жетілдірудеміз, — деп бөлісті Глеб.

 

Өмірдің осы белесінде ол геолог болғысы келеді. Жер ғылымдары туралы халықаралық олимпиада геология, геофизика, метеорология, океанография және астрономия салаларын қамтиды. Қазақстандық командаға алдағы олимпиадада сәттілік тілейміз!