АЛДЫМЫЗДА МАҢЫЗДЫ ІС-ШАРАҒА ТОЛЫ ЖЫЛ КҮТІП ТҰР!

Жаңа маусым қарсаңында Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры өз бағдарламалары портфолиасын жаңарту ісін жүргізуде. 2018 жылы тағы қандай жаңа мүмкіндіктер пайда болады, сонымен қатар қандай бағдарламалар жаңарту табады? Осы сұрақтармен қордың атқарушы директоры Айғаным Малишеваға жүгіндік.

АЛДЫМЫЗДА МАҢЫЗДЫ ІС-ШАРАҒА ТОЛЫ ЖЫЛ КҮТІП ТҰР! 

Даму бойынша қордың қандай стратегиялық жоспарлары бар?

 

— Қордың стратегиялық жоспарлары әлі де жаратылыстану-ғылыми және техникалық мамандықтар бағытындағы дарынды жастарды қолдауға бағытталған. Негізгі назарымызды қазақстандықтарға әлемнің үздік зертханаларында және де инновациялық кәсіпорындарында ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған гранттарды ұсынуға бағыттап отырмыз. Неге? Себебі, дәл осы бағыт ең көп нәтиже және синергетикалық әсер береді. Ал біздің миссияны жүзеге асыру  — елдің интеллектуалды әлеуетін арттыру — қордың қызметі нақты және ұзақ уақытты нәтиже берген жағдайда ғана мүмкін болып табылады. 

 

Қандай бағыттарды дамытуды жоспарлап отырсыздар?

 

— Жылдам дамып келе жатқан ақпараттық технологияларды және нарықта деректерді талдау мамандықтарына сұраныстардың өсуіне байланысты қор бағдарламалары матрицасында IT бағытын кеңейтуді жоспарлап отырмыз.  Ал келе жатқан қыста магистратурада оқуға демеушілік көрсететін жаңа бағдарламалар байқауларын жариялау жоспарлануда. Жылына мұндай гранттардың саны көп болмайды — 2, әрине бұл оқу құнына байланысты. Алдын-ала есептеулер бойынша магситратура құны жылына, тұру шығындарын есепке алмағанда, 40 мың АҚШ долларын құрайды. 

 

Айта кетейік, қор 2018 жылдан бастап жол жүру гранттары бағдарламасын  тоқтатуды шешті. Себебі, қор талаптарына сәйкес келетін өтінімдер саны өте аз, сонымен қатар келіп түскен өтінімдерді зерттеуге, байқаудан өткен өтінімдерді рәсімдеуге жұмсалатын ресурстар және де жүзеге асырылған студенттер сапарларының нәтижелері бағдарламының жалпы тиімсіздігін көрсетіп тұр.

 

А.Малишеваның айтуы бойынша, қор 2018 жылы Қазақстан студенттеріне дәріс оқуға жетекші әлемдік ғалымдардың келуіне демешілік көрсету практикасын дамытуды жоспарлап отыр.  Мәселен, қор  осы жылы «Есеновтік оқулары» қонақтық дәрістері бағдарламасының аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның биология және биотехнология факультетінің  студенттеріне бірқатар дәрістер сериясын оқуға Испаниядағы Геномдық реттеу орталығында жұмыс істейтін биолог Петр Власовты шақырды. Кездесу студенттер тарапынан  өте жақсы қабылданды. 

 

Қытаймен ынтымақтастықты жалғастырасыздар ма?

 

— Иә, 2018 жылы қор өзінің Қытайдағы тағылымдама бағдарламасын жалғастыруды жоспарлап отыр. Біз үш қазақстандық азаматтар үшін Шеньчжэн қаласындағы Makeblock робототехникалық компаниясында тағылымдамадан өтуді ұйымдастырдық. Қазіргі таңда қытайлық жоо-мен және басқада инновациялық кәсіпорындармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. 

 

2017 жылы қор химия, мұнай және газ мамандықтары студенттеріне арналған британиялық Open University ғылыми зертханасында тағылымдама ұйымдастырды. Оның қорытындысы бойынша бағдарламаны ары қарай жетілдіруге шешім қабылдау үшін  қордың мамандары студенттерден және университет профессорларынан алынған кері байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізетін болаыд.  Қазақстандық студенттер ғылыми тағылымдамалардан өту мүмкіндігіне ие болу үшін қор жоспарында мамандықтар спектірін кеңейту және басқада бірқатар британдық университеттермен келіссөздер жүргізу  бар.

 

Келесі жылы шәкіртақылық және осы жылы бес бірдей қатысушысы Америкадан өте жақсы практикалық нәтижелермен оралған  АҚШ  IT-стартаптарындағы тағылымдама бағдарламаларына байқау өтетін болады. Мәселен, Абай Нүсіпбеков және Ернар Әмірғалиев, өз стартаптарымен қашықтықта жұмыс жасауға рұқсат алды, ал Ернар тіпті Астанада стартап филиалын ашты. Александра Ким Канада университетіне магистратураға түсті, ал Айгүл Имадилдаева болса  Алқапта қалып өз стартапы бойынша жұмыс жасау ұсынысын қабыл алды.

 

Сіз айтып кеткен бағдарламалардың барлығы дерлік 100% қор жоспарларында бар ма, әлде олардың болашағы әлі де шешілмеген бе?

 

— Барлық аталған бағдарламалар қазіргі таңда қордың құрылтайшылары — Ғалымжан Есенов пен Айжан Есімнің, сондай-ақ Қамқоршылар кеңесі мүшелерінің  талқалауында. Күз мезгілінің басында олардың шешімдерін жария етеміз және қандай жаңа бағдарламаларды іске асыратынымызды хабарлаймыз. Кез келген жағдайда, бізді және білім-беру бағдарламарымыздың қатысушыларын алдымызда маңызды іс-шараларға толы жыл күтіп тұр, — деп тамамдады Ш.Есенов атын. қордың атқарушы директоры А.Малишева.