«МЕКТЕПТЕГІ ШАХМАТ» - ІСКЕ АСЫРУ БАСТАЛДЫ

«Мектептегі шахмат» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 36 оқытушы мен 20 психолог дайындықтан өтпекші.  Ағымдағы жылдың бірінші қыркүйегінен бастап бағдарламаның сынамалы жобасында жұмыс істейтін оқытушылар мен психологтарды оқыту мамырдың 29-жұлдызында Алматыда басталады. Жоба Қазақстан шахмат федерациясы мен Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының бастауымен Алматы, Қызылорда және Павлодар мектептерінде 1 500 екінші сынып оқушыларының қатысуымен өтеді. 

«МЕКТЕПТЕГІ ШАХМАТ» -  ІСКЕ АСЫРУ БАСТАЛДЫ 

2017 жылдың 1-қыркүйегінен бастап «Шахмат» пәні Алматы, Қызылорда, Павлодар және Павлодар районының 18 мектептерінің сабақ кестесіне енгізілетін болады.  Жобаның демеушісі – Ш. Есенов атын. қор.  Осы ұйымның арқасында әр мектепте арнайы класстар келесідей жабдықталатын болады: шахмат тақтасы мен тастарының 20 жиынтығы, көрнекілік тақтасы, проектор мен экран, ноутбук, дыбыс колонкалары, принтер және де бағдарлама үшін арнайы жазылған оқушылар пайдаланатын оқулықтар, жұмыс дәптерлері мен оқытушыларға арналған әдістемелік құралдар.  

 

— Оқыту аталған мектептердің екінші сыныптарында аптасына бір рет жүргізіледі деп жоспарланған. Сыныптардың жалпы саны – 42. Арнай жазылған оқулық жиынтығын екі тіл, мемлекеттік және орыс тілдерінде даярладық, ал авторлары – белгілі қазақстандық шахматшыларымыз Флюра Хасанова мен Гүлмира Дәулетова, - деп Академик Ш. Есенов атындағы қорының атқарушы директоры Айғаным Малишева баяндады.   

 

Оқу құралдары мен ФИДЕ арбитрлері өткізетін бағдарламаның ұстаздарын оқыту Алматы (8 ұстаз), Қызылорда (12 ұстаз) және Павлодар (16 оқытушы) қалаларында өтеді.  Жобаның психологтарын Қызылорда мен Алматыда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары Алмагүл Аяғанова мен Шолпан Иманғалиева дайындайтын болады.  Олар арнайы тестілерді құрастырып, мектептерде жүргізілетін зерттеудің әдісін ұсынады.  Ал Павлодар мектептерінің психологтарын PhD дәрежесінің иегері, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушысы Әділ Самекин жүргізетін болады.  

 

— Жоба сынамалы.  Қатысушы тарапқа қойылатын негізгі шарт – шахмат пәні екі қатар сыныптың бірінде жүреді де, екіншісінде өткізілмейді.  Жобаның психологтары оқу жылының басында, орта кезі мен аяғында оқушылардың зейін тұрақтылығы, есте сақтау, ойлау қабілеттерінің артуы, басқа да параметрлер бойынша өлшеулер жүргізеді.  Нәтижелерге сүйене қорытынды шығарғаннан соң ғана «Мектептегі шахмат» бағдарламасымен еліміздің басқа оқу орындарын қамту мүмкінді жайлы қорытынды түйінге келеміз, - деп Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко түсіндіріп кетті.