ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ЕЛІМІЗДІҢ МҮДДЕСІН КІМ ҚОРҒАЙДЫ?

Астанада IESO – 2017 Жер туралы ғылымдар бойынша Халықаралық олимпиадаға Қазақстанның командасына іріктеу өтті. Оны «Жас геолог» корпоративті қоры ұйымдастырды. Төрт оқушыдан тұратын қазақстандық команданың қатысуын толығымен қаржыландыруды Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры өз мойнына алды.

Мөлдір Шыңғыс, Владислав Винтенбах, Аружан ҚалымоваМөлдір Шыңғыс, Владислав Винтенбах, Аружан Қалымова

 

Командаға іріктеп алынған Мөлдір Шыңғыс, Владислав Винтенбах, Аружан Қалымова және Глеб Смирнов  Қазақстанның намысын Францияның Ницца қаласында  IESO (International Earth Science Olympiad)  олимпиадасында қорғайтын болады. Тамыз айының соңында өтетін Жер туралы ғылымдары халықаралық олимпиадасы геология, геофизика, метеорология, океанография және астрономия пәндерін қамтиды.  Оқушылар алдағы сайысқа дайындыққа кірісіп кетті.  

 

– Жас геологтарымыздың командасын қолдау және қаржыландыру шешімін қабылдау кездейсоқ жағдай емес. Бұл жылы Қазақстанда біздің еліміздің Ғылым академиясының президенті, Қ. Сәтпаев шәкірті, Қазақстанның геология министрі, атақты геолог Академик Шахмардан Есеновтың туғанына 90 жыл толғалы отыр. Глеб СмирновГлеб СмирновҚазіргі заманға сай Қазақстанда геологтардың тапшылығы байқалып отыр. Жас кәсіби мамандарды өсіру үшін, біз жастарға инвестиция жұмсауымыз керек. Осындай қабілетті балаларымыз үшін дүниежүзілік олимпиадаға қатысу – олардың келешек мамандықтарына бағыт бойынша үлкен қадам, – деп есептейді қор жобаларының үйлестірушісі Нұрсұлтан Нұрмұханов.

 

Байқаулық іріктеуге жас геологтар үйірмелеріне қатысатын 9-11-ші сынып оқушыларынан 30 бала  қатысты. Көптеген қатысушылар халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, ағылшын тілін жетік меңгерген, көшбасшы болуға бейімді, топпен жұмыс жасай алатын талантты жастар. 

 

Ұлттық командаға іріктеу ағылшын тілінде екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезең барысында – жазбаша тестілеу – қатысушылардың геология, геофизика, метеорология, океанография, астрономия саласында білімдері тексерілді. Екінші кезеңде конкурсанттар «Қазақстандағы қоршаған ортаның проблемалары» (Environmental Issues in Kazakhstan) тақырыбына презентация жасау керек болды. Әділқазы мүшелерінің құрамында «Қазгеология» АҚ және «Қазгеоинформ» геологиялық ақпараттың республикалық орталығы, Қазақстанның минералды ресурстар мен  геологияның ақпараттық-талдамалық орталығының өкілдері болды.