23-ҚАҢТАР – ШӘКІРАТҚЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАСТАЛУЫ

Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры өзінің қазақстандық студенттерге арналған 20 атаулы студенттік шәкіртақы дәстүрлі байқауын жариялайды. Байқау қаңтардың 23-і, дүйсенбіде басталады.  

23-ҚАҢТАР – ШӘКІРАТҚЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАСТАЛУЫ 

Байқаудың 20 жеңімпазы жыл бойы әр ай сайын 25 мың теңге көлемінде өздерінің негізгі шәкіртақысына қосымша ақшалай көмек алып тұрады.

 

– Бағдарламаның ережесі байынша үміткерлер қазақстандық университеттердің күндізгі бөлімінің 2-3 курс бакалавриатында немесе 1-курс магистратурасында оқитын Қазақстан азаматтары болуы тиіс.  Қазақстанның ұлы геологы Шахмардан Есеновтың атаулы шәкіртақысы дәстүр бойынша геологиялық, техникалық, инженерлік және IT мамандықтарының білімгерлеріне тағайындалған.  Қордың шәкіртақысының тағайындалуы студенттің қандай да басқа шәкіртақы алу құқығын ешбір жағдайда жоймайды.  Бағдарлама аясында әдетте 5 шәкіртақы беретін болсақ, Академиктің 90 жылдығына орай шәкіртақы санын 20-ға дейін ұлғайтуға шешім қабылдадық, - деп қордың атқарушы директоры Айғаным Малишева баяндады.          

 

Шәкіртақы алушыларды іріктеу барысында оқу үлгерімі жоғары, оқу орнының ғылыми және қоғамдық өмірінде белсенділік көрсететін жастардың басымдылығы болады.  Екі сатыдан тұратын байқауды қордың сарапшылар кеңесі өткізсе, жеңімпаздар тізімін қамқоршылар кеңесі бекітеді. 

 

– Байқауға қытысу үшін біздің электрондық поштамызға  info@yessenovfoundation.org өтінім мен басқа да қажетті құжаттарды жіберу қажет.  Сәуір айының басына қарай 20 жеңімпаздың есімдерін жариялаймыз деген жоспарымыз бар, – деп бағдарламаның үйлестірушісі Ильзира Алдагарова бөлісті.

 

Хабарландыру, ережелер мен қатысу өтінімін осы жерден жүктеңіз.