ТІЛЕКТЕР ШЫРШАСЫ – 2017

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының «Komanda SOS» еріктілерді үйлестіру орталығының жыл сайынғы «Тілектер шыршасы» шарасы осымен жетінші рет басталды. 

ТІЛЕКТЕР ШЫРШАСЫ – 2017

 

Жылдан жылға ұйымдастырушылар мұқтажы бар балаларды таңдап, олармен фотосессия өткізіп, әрбір суретке бала жайлы қысқаша ақпарат пен армандайтын сыйлығы жайлы және диагнозын жазып, интернет желісінде жариялайды. Қол ұшын созатын қазақстандықтардың көмегімен әрбір періштенің тілегі орындалып, Ескі жаңа жылда сыйлықтардың тартуы өтеді. Қайырымдылық шараның айрылмас қолдаушылары болып осымен сегіз жыл қатарынан Voxpopuli.kz мен «Спутник» сауда-ойын сауық кешені келеді.  

 

– Өткен жылы біз  балалар милық салдануына душар болған АРДИ (мүгедек балалар ата-аналарының қауымдастығы) балаларының тілектерін орындаған едік. Осы кез  «Тілектер шыршасының» бенефициарлары – бұл «Здоровая Азия» қорының онкологиялық дертіне шалдыққан «Я с тобой»  оқу-оңалту орталығының 16 кішкентай емделушілері. Балалар 4-14 жас аралығында, - деп «Komanda SOS» жобасының ұйымдастырушысы Григорий Ли баяндады. – Сонымен қатар, қосымша біз жағдайы төмен, онкологияға шалдыққан балалары бар бірнеше отбасыға көмек көрсетуге міндеттеме алдық.  Оның үстіне бұл жанұялардың жағдайы қаладан алшақ орналасқандығымен күрделене түсуде. Балаларға арналған ойыншықтардан басқа біз отбасыларға азық-түлік себеттерімен де көмектесеміз.    

 

– Соныме бірге,  – деп «Тілектер шыршасы» ұйымдастырушысы Жадыра Сарман бастады – төрт жасар Лера Герасюкке қажетті операцияға қаражат жинауды аштық. Бүлдіршін төртінші дәрежедегі нейрофиброматозына (көз қабағының ісігі) душар. Орталықтың мамандарының бізге хабарлағаны, көпке дейін Лераның халі нашар болып келген, сондықтан-да шетелдік емханалар балаға операция жасаудан бас тартып келген. Бірақ шамалы уақыт ішінде бүлдіршіннің денсаулығы жақсарып, мәскеулік клиникалардың бірі қабылдауға дайындығын растады.  Операцияның құны – 1 500 000 тенге. Көмек қолын созамын деген жомарт азаматтар келесі реквизиттерге ақшалай көмек жолдай алады: Halyk Bank картасы: 4402 5735 9099 0489, анасы Наталья Сергеевна Герасюк атында, карт-шот: KZ056010002007752796. Қосымша мәлімет үшін +7 771 191 7954 телефоны арқылы байланысқан жөн.

 

Шараның алғашқы жарияланымы Voxpopuli сайтында шығып, және балалардың суретттері ілінген шыршаның «Спутник» ойын-сауық кешенінде орналасқан күннен бастап, ұйымдастырушыларға мейірімді жандардан қоңырау түсе бастады. Өтер жылды ізгі іспен аяқтағалы отырған тұрғындар Аяз Атадай болып,  балалардың бала армандарын – ойыншықтарды сыйлауға дайындығын хабарлады. Сыйға тарту қаңтардың 13-нде өтеді деп жоспарлануда.     

 

Бала тілегін орындауға даяр болсаңыз, «Тілектер шыршасының» ұйымдастырушылары Григорий не Жадырамен Алматыдағы 346 92 88 телефоны арқылы хабарласыңыздар. Егер де «Я с тобой» оқу-оңалту орталығына көмек көрсетем деген ниетіңіз болса, шана мен үстел ойындарын (шахмат, футбол, хоккей) орталық қуана қабылдайды. Оқу-оңалту орталығының Алматыдағы байланыс телефоны: 266 36 36.