ЖЫЛДЫҢ АЯҒЫНА ҚАРАЙ

2016 жылы Aкадемик Шахмардан Есенов атындағы қор қандай істерді тындырды және бенефициарларымызды 2017 жылы не күтіп тұр? Осы және басқа да сұрақтарға коммерциялық емес қайырымдылық ұйымының мамандары жауап берді.
ЖЫЛДЫҢ АЯҒЫНА ҚАРАЙ
Биыл жаратылыстану-ғылыми және техникалық пәндерді оқитын 5 үздік қазақстандық студент Ш. Есенов атындағы шәкіртақының иегерлері болды, ал олардың отандастарының 10әлемнің үздік зертханаларында ғылыми тағылымдамалардан өтті. Бүгінгі күнде коммерциялық емес ұйым қызметкерлерінің алдында тұрған ең басты міндет – 2017 жылдың жазында ғылыми тағылымдамалардан өтуге гранттық конкурсқа өтінімдерді жинау. 19 желтоқсаннан бастап қор өтінімдерді қабылдауды тоқтатып, жолданған құжаттарды қарастыра бастайды (1 тур); байқаудың екінші сатысы дәстүр бойынша қаңтардың ортасында Алматы мен Астанада өтеді. Оның қорытындылары бойынша жеңімпаздардың аттары анықталатын болады.
Ильзира АлдагароваИльзира Алдагарова


Осы бағдарлама мен «АҚШ-тың IT-стартаптарындағы тағылымдама» бағдарламасының үйлестірушісі Ильзира Алдагарова былай деп хабарлады:
– «IT-стартаптарындағы тағылымдама» бағдарламасының төрт жеңімпазының АҚШ-та жүргеніне бірнеше ай болды. Бесінші жеңімпаз – ҚБТУ студенті Нұрсұлтан Ережепов 2017 жылдың қаңтарында бизнеске көмек ретінде мобильді қосымша әзірлеп, өздерінің клиенттерімен байланыс орнатқысы келетін 11sight компаниясына тәжірибе алуға барады. Абай Нүсіпбеков Сан-Францискодағы Amplify (бұрынғы аты Ticktate) стартапында жұмыс істеуді, Айгүл Имаділдаева POWr ұйымында, Ернар ӘмірғалиевDigsview компаниясында, ал Александра Ким KarFarm компаниясында жұмыс жасауда. Маусымның аяғында бесеуінің соңғысы – Нұрсұлтан Қазақстанға оралысымен бағдарламаның бірінші жылының қорытындылары бойынша қор 2017-2018 жж. оны жалғастыру жөнінде шешім шығаратын болады.

Биылғы жылдың жазында Ш. Есенов атындағы қор IT-мен байланысты тағы бір бағдарламаға ішінара демеушілік жасады  – қазақстандық үш жас қосымшалар әзірлеушінің ЮНЕСКО-ның Youth Mobile атты екі апталық тренинг-жобасына қатысуын төледі. Сондай-ақ биыл үш студент қордың гранты бойынша Шенжендегі қытайлық роботтехникалық Makeblock стартапында тағылымдамадан өтті, ал жол жүру гранттары бағдарламасының аясында Назарбаев университетінің студенттері Асқарбек Орақов пен Назгүл Сәкенова Жапонияға, 9 қаңтарға дейін жалғасатын тағылымдамадан өтуге кетті. Олар Окинава ғылым және технологиялар институтында ғылым жолында еңбек етуде. Жылдың соңындағы елеулі оқиғалардың бірі – қыркүйекте өткен «Орталық Азиядағы жер сілкінісі ғылымы және қауіп-қатері» халықаралық ғылыми конферециясы өтті. Конференцияға 180-нен астам ғалым, қонақ, қатысушы жиналды.
Гүлмира ДәулетоваГүлмира Дәулетова

 

Өздеріңіз білетіндей, қор шахматтың дамуын қолдайды, оның демеушілігімен алғашқы рет қазақ тілінде «Ең ақылды балаларға арналған шахмат жазбалары» атты балаларға арналған шахмат туралы кітап жарық көрді.  Желтоқсанда ол Қазақстанның дүкендерінде сатыла бастайды. Shakhmardan Yessenov Foundation сондай-ақ осы жылы өткен ҚР Президентінің блиц-шахматтан Еуразия Кубогының негізгі ұйымдастырушысы және демеушісі болды.  Оған дүниежүзілік шахмат тәжіне үміткер Сергей Карякинді қосқанда, әлемге аты шыққан көптеген шахматшылар қатысты. Қордың белсенді қатысуымен Astana Open, Almaty Open және Pavlodar Open сынды Қазақстан чемпионаттары мен халықаралық турнирлері өтті.

Гүлмира Дәулетова, Қазақстан шахмат федерациясы директорының орынбасары бізге келесіні қосымша хабарлады:
–17-24 желтоқсан күндері аралығында Астанада шахматтан балалар арасындағы Қазақстан Кубогы мен ерлер мен әйелдер арасындағы ел кубогының финалы өтеді. Оларды «Ұлттық шахматшылар одағы» шахмат академиясы ұйымдастырады. Турнирлердің демеушісі тағы да Ш. Есенов атындағы қор болып табылады. Ал айдың аяғында, 26 – 30 желтоқсан аралығында Қатарда блиц пен рапидтен әлем чемпионаты өтеді. Оған біздің «примдер» – Ринат Жұмабаев, Мұртас Қажғалеев, Рустам Хуснутдинов, Динара Садуақасова мен Жансая Әбдімәлік қатысады.

ALMAU, ҚазҰТЗУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Нархоз университеттерінде өздерінің салаларында жетекші сарапшылардың қонақ ретіндегі дәрістері бағдарламасының аясында «Есеновтік оқулар» өтті. Кездесулер циклын геологиялық-минералогиялық ғылымдардың докторы, Халықаралық минералдық ресурстар академиясы мен Қазақстанның минералдық ресурстар академиясының академигі Элеонора Сейітмұратова ашты.

Егер де сіз инновациялық салада жұмыс істеуді жоспарласаңыз, өзіңіздің стартапыңызды немесе венчурлық қор ашқыңыз келсе, сізге қордың қамқоршылық кеңесінің мүшесі, Mocap Analytics компаниясының тең негізін қалаушысы Эльдар Ахметғалиевтың,  сондай-ақ венчурлық нарық жайлы түсінікті түрде айтып берген Finstar инвестициялық компаниясының директоры және Skolkovo Startup Academy жаттықтырушысы Евгений Тимконың дәрістері өте қызықты болады. «Есеновтік оқулардың» күзгі маусымының төртінші спикері «Sheberbuild» ЖШС-нің бас директоры, Global Citizen жас көшбасшылар ассоциациясының және «Болашақ» қауымдастығының мүшесі Олжас Сүлейменов болса, бестікті эмоционалдық ақыл-ой тақырыбында сөз сөйлеп, аудиторияны дүр сілкіндірген азаматтық қоғам жөніндегі сарапшы Айнұр Әбсеметова аяқтады.
Григорий ЛиГригорий Ли
–  «Есеновтік оқулардың» осы және өткен маусымдардың барлық дәрістері қордың сайтында және Youtube арнасында орналастырылған. Қазір жоғарғы оқу орындарында  емтихандар кезеңі келіп қалды, сондықтан дәрістерге біз келер жылдың қаңтарының аяғына қарай қайта ораламыз. «Есеновтік оқулардың» дәріс оқушыларының тізімінде жаңа сарапшылардың аттары да белгілі. Қызықты болатынына уәде беремін,  – деді қор бағдарламаларының үйлестірушісі Григорий Ли. – Ал келесі аптадан бастап біздің жыл сайынғы «Тілектер шыршасы» қайырымдылық жобамыз басталады. Биыл оны VoxPopuli-мен бірге ұйымдастырғанымызға жетінші жыл толады. Осы жылы түрлі онкологиялық аурулармен ауыратындықтары анықталған 2-ден 15 жасқа дейінгі балаларға сыйлықтар сыйлаймыз. Өздері қалаған сыйлықтарды балаларға ескі жаңа жылда сыйлайтын боламыз.

2017 жылы Қазақстанда Академик Шахмардан Есеновтың туғанына 90 жыл кеңінен аталып өтілетін болады. Осыған орай, қор бірқатар жаңа жобаларды жүзеге асыруды жоспарлауда. Олардың екеуі туралы қор бағдарламаларының үйлестірушісі Нұрсұлтан Нұрмұханов атап өтті:
–  Келер жылы қор төрт қазақстандық оқушыдан тұратын команданың жер туралы IESO халықаралық ғылыми олимпиадасына, Францияға жол жүруіне демеушілік етеді. Алдыңғы осындай  олимпиададан біздің балалар күміс және қола медальдар алып келді. Логистиканы пысықтаумен, шарттарды ресімдеумен айналысып жатырмыз.

Аяғына қарай қордың атқарушы директоры Айғаным Мәлішева былай деді:
– 2017 жылдың қаңтарында біз «Ұлыбритания зертханаларындағы тағылымдама» атты жаңа бағдарламаны бастаймыз. Халықаралық геологиялық конференция өткізу жоспарымызда бар. Академик Ш. Есенов атындағы стипендиялар санын да 4 есе (!) – 5-тен 20-ға дейін артады. Келесі жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде студенттер мен оқытушыларды ағылшын тіліне оқыту бағдарламасын бастаймыз, бұл бағдарлама өткен жылдары жақсы нәтижелер көрсетті. Бағдарламаның бірінші жылы ағылшын тілінде сөйлеушілермен 100-ден аса адам оқудан өтеді деп жоспарлаймыз. Жылдың ақпараттық қорытындыларын шығара келе, біз барлық бұқаралық ақпарат құралдарына Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының қызметі туралы ақпарат таратқандары үшін алғысымызды білдіргіміз келеді.

– Олардың арасында «Хабар24», «Astana TV», «Алматы», «Бiлiм», «KazakhTV» телеарналары, zakon.kz, radiotochka.kz, forbes.kz, sports.kz, prosport.kz, today.kz, total.kz, tengrinews.kz интернет-порталдары мен «Капитал», «Литер», «Караван», «Экспресс-К», «Курсив», «Время», «Деловой Казахстан», «Казахстанская правда», «Московский комсомолец Казахстан» газеттері, «Казинформ», Atameken Business Channel ақпарат агенттіктері, yorick.kz және neupusti.net порталдары бар. Ал «Хабар», «Қазақстан» және «KazakhTV» арналары бойынша биыл түсірілген қордың нәтижелері туралы 25 минуттық деректі фильмнің премьерасы өтті.  Фильмді біздің YouTube арнамыздан да көруге болады, – деп нақтылады қордың қоғаммен байланыс жөніндегі маманы  Роман Райфельд.