5 ШӘКІРТАҚЫ АЛУШЫЛАРЫМЫЗ АНЫҚТАЛДЫ!

Сәуірдің 9-жұлдызынды Алматыда шәкіртақы бағдарламасы байқауының финалдық сатысы өтіп, сарапшылар кеңесі жан-жақты талқылауын бүгін аяқтай отырып, жеңімпаздардың атын жариялауға дайын. 
5 ШӘКІРТАҚЫ АЛУШЫЛАРЫМЫЗ АНЫҚТАЛДЫ!
Бұл жастар өздерінің негізгі шәкіртақысына қосымша түрде ай сайын 25 мың тенгені 2016 жылдың сәуірінен бастап 2017 жылдың наурыз айын қоса аралықта алып тұрады. Естеріңізге түсіре кетсек, үміткерлер қазақстандық оқу орындарының 2-3 курс бакалавриат немесе магистратураның 1-жыл студенттері мен Қазақстан азаматтары болуы қажет.  Байқау геология, техникалық және ІТ мамандықтарына жүргізілді. Участвовать в конкурсе могли студенты, обучающиеся очно по геологическим, техническим, инженерным и IT специальностям.  Сонымен, Академик Шахмардан Есенов шәкіртақысының иегерлері кім болды екен?

2016-Шәкіртақы бағдарламасының жеңімпаздар тізімі:

1. Бердиев Амандық Орынғалиұлы — Геология және пайдалы қазба кен орындарын барлау —Сәтпаев атын. ҚазҰТЗУ, Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты;

2. Елеуқұлов Нұрсұлтан Ерланович — Мұнай-газ ісі – Сәтпаев атын. ҚазҰТЗУ, Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты;

3. Оспанов Ерсайын Орынбекұлы — Геология және пайдалы қазба кен орындарын барлау, ҚБТУ, энергетика және мұнай-газ индустриясы факультеті;

4. Бурхан Томирис Екейқызы — Мұнай-газ ісі. Мұнай және газ кен орындарын барлау — ҚБТУ, энергетика және мұнай-газ индустриясы факультеті;

5. Төлеген Салтанат Жанботақызы — Автоматизация және басқару — Қарағанды мемлекеттiк техникалық университетi, энергетика, автоматики және телекоммуникация факультеті.