ҚЫТАЙДЫҢ КӘСІПОРЫНДАРЫНДА ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ БАЙҚАУЫ

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

ҚЫТАЙДЫҢ КӘСІПОРЫНДАРЫНДА ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ БАЙҚАУЫ

 

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры сізге жан-жақты қалыптасуға мүмкіндік беруде - біз Қытай Халық Республикасының ең үздік инновациялық кәсіпорындарында тағылымдамадан өту байқауын жариялаймыз. Бағдарламаға ҚР-ның азаматтары қатыса алады.  Егер де келешегі бар Қытайдың компаниясындағы тағылымдама сізге Қазақстанда қол жеткізуге қиын жеке дағдыларыңызды дамытуда көмектеседі деп ойласаңыз, біз сізге көмектесуге дайынбыз! Байқауға IT және робототехника салаларындағы мамандар: бағдарламашылар, бағдарлама жасаушылар, работотехника саласына қызығушылық танытатын инженерлер қатыса алады. «Қытайдың инновациялық кәсіпорындарындағы тағылымдама» - бұл сіз таңдаған мансап жолыңызда түбегейлі өзгерістер жасау мүмкіншілігіңіз.

 

Тағылымдама мерзімі: 2016 жылдың маусымынан тамыз айының соңына дейін (3 ай).

 

Жалпы талаптар:

• English upper intermediate, қытай тілін білу (артықшылық береді),

• IT саласындағы бакалавр дипломы (үлкен артықшылық береді),

• жұмыс тәжірибесі – ең кемінде бір жыл көлемінде. 

 

Қызығушылық танытқан жағдайда қор мекен-жайына 2016-шы жылдың 10-шы сәуіріне дейін келесі құжаттарды тапсыруыңызды сұраймыз:

• толтырылған өтінім,

 түйіндеме,

 жеке куәліктің скан-көшірмесі,

 ынталандыру хаты,

 кепілдемелік хат (артықшылық береді),

• IT саласында жетістіктеріңізді көрсететін толыққанды портфолио,

• қосымша курстардан өткендігіңіз туралы сертификаттар.

 

Барлық құжаттарды қор кеңсесіне келесі мекен-жай бойынша жіберуіңізді сұраймыз:

Алматы қ., 050040, әл-Фараби даңғылы 36, «АФД» БО, 4-қабат

info@yessenovfoundation.org

 

Келесі байланыс телефондары бойынша хабарласып өтінімнің қабылданғанына көз жеткізіңіз:

Тел.: + 7 727 349 40 04, + 7 727 349 40 05, ұялы тел.: +7 771 7751815, +7 701 4741974

 

Бағдарлама ережеci [61 Kb] (cкачиваний: 13) 

Өтінім [49,5 Kb] (cкачиваний: 13)