10 ЖЕҢІМПАЗ АҚШ-ҚА БАРМАҚШЫ

22-ші және 23-ші қаңтар күні Алматы және Астана қалаларында  АҚШ зертханаларында  жазғы ғылыми тағылымдамадан өту  гранты байқауының соңғы кезеңі өтті.  

10 ЖЕҢІМПАЗ АҚШ-ҚА БАРМАҚШЫ

 

Қатысушыларға бірқатар жеке және топтық жұмыстағы тапсырмалар қатары берілді. Байқаудың соңғы кезеңіне 36 ізденушінің 34-і  қатысты (екеуі іс-шараға келмеді). Қордың сарапшылар кеңесі  Осы жылдың жазында АҚШ-тың алдыңғы қатарлы университеттерінің зертханаларында тағылымдамадан өтетін 10 үздік студент таңдап алынды (төмендегі тізімді қараңыз). Қор  10 гранттың 1-ін «Дұрыс тамақтану» тақырыбына бөлді.  

 

Студенттерді іріктеуде қор қамқоршысы Эльдар Ахметгалиев, психолог Елена Амреева, сонымен қатар қор қызметкерлері: И. Грищенко, Ж. Сарманова, И. Алдагарова қатысты.  Естеріңізге сала кетейік, байқауға Қазақстанның 18 университеті студенттерінен жалпы саны 146 өтінім түскен болатын.  Біз байқау жеңімпаздарын құттықтай отырып, мақсаттарына жету жолында әрі қарай табандылық танытуларына тілектеспіз.  Алдағы уақытта жеңімпаздарды ғылыми тағылымдамадан өтетін зертханаларды іздеу және таңдау, виза рәсімдеу сияқты қуантарлық машақаттар күтіп тұр. 

 

2016 Жазғы машықтану. Жеңімпаздар тізімі.doc [35,5 Kb] (cкачиваний: 18)