ЖАЗҒЫ ТАҒЫЛЫМДАМА БАҒДАРЛАМАСЫ БАЙҚАУЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢ НӘТИЖЕСІ

2016 жылдың 11-ші қараша күні Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының байқау комиссиясы жазғы ғылыми тағылымдаманы АҚШ-та өту грантының байқауының бірінші кезеңінің нәтижесін ұсынды.  

 

Бұл кезеңде іріктеу қатысушылардың академиялық үлгеріміне, өтінімді толтыру сапасына және де студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарымен болашақта да айналысу қызығушылығының деңгейі негізінде өткізілді. Байқаудың соңғы екінші кезеңі осы жылдың қаңтар айының 23-і мен 25-і аралығында тренинг/сұхбат түрінде өткізіледі. Тренинг/сұхбат түрінде өткізілетін іріктеу ізденушінің жеке бас қасиетін анықтауға бағытталған.  

 

Естеріңізге сала кетейік, байқауға Қазақстанның 20 қаласынан шыққан, еліміздің 15 жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттерден жалпы саны 146 өтінім түсті. Іріктеудің екінші кезеңіне 36 студент өтті. Екінші кезеңге өткен студенттердің барлығы да қаңтардың 18-не дейін хабардар етіледі. Қорытынды бойынша бағдарламаның екінші кезеңіне келесі студенттер өтті.

 

Бірінші кезең қорытындысы.doc [85 Kb] (cкачиваний: 19)

 

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры