ОРТАЛЫҚ АЗИЯ КУБОГЫ ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ ЕНШІСІНДЕ

Алматы қаласында 20-30 қараша аралығында шахматтан ФИДЕ президентінің жүлдесіне арналған IV Орталық Азия Кубогы өтті. Турнир ұйымдастырушылары - Қазақстан шахмат федерациясы (ҚШФ) мен Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры. 

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ КУБОГЫ ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ ЕНШІСІНДЕ 

 

ҚШФ президенті Ғалымжан Есенов «5 елден 70-ке жуық жарыс қатысушыларын жинаған Орталық Азия турнирі Қазақстанда алғашқы рет және жоғарғы деңгейде өткізіліп отыр. Жарыс толығымен спортшылардың, ұйымдастырушылардың және де қонақтардың көңілінен шықты»,- деп жарыс қатысушыларына айтқан сөзінде атап өтті.

 

Жарыстың ең жарқын сәттерінің бірі - 30 бірдей 5 пен 70 жас арасындағы шахмат әуесқойларымен өткен бір мезгілді ойын сеансы болды.  Бір мезгілді ойын сеансын Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, үш бірдей шахмат олимпиадаларында Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы, Азия Кубогының иегері, халықаралық гроссмейстер Ринат Джумабаев пен 15 жастағы гроссмейстер, Азия чемпионы, балалар арасындағы әлемнің төрт дүркін чемпионы Жансая Әбдумалік өткізді. 

 

Марапаттарды табыстау рәсімін ҚШФ құрметті президенті Сәкен Сейфуллин, әлем чемпионы Флюра Хасанова, турнирдің бас қазысы және халықаралық арбитр Хусан Турдалиев, ҚШФ бірінші вице-президенті Еркін Исраилов өткізді. Марапаттарды және ақшалай сыйлықтарды Кубоктың 18 үздік спортшылары иеленді. 

 

Үздік үштік құрамына жеке есеп бойынша келесі спортшылар кірді:

1. Ринат Джумабаев, Қазақстан - 7,5 ұпай

2. Фаррух Амонатов, Тәжікстан - 7,5 ұпай

3. Петр Костенко, Қазақстан - 7,5 ұпай

Жеңімпаздар алтын, күміс, қола медальдардан басқа Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) Президентінен тиісінше 4 мың, 3 мың және 2 мың АҚШ долларына ие болды.  

 

Турнирде ең жоғарғы – 47 – ұпайды Қазақстан құрамасы көрсетті. Еліміздің шахмат спортшылары алғашқы рет осындай үлкен олжаға ие болып отыр.

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ КУБОГЫ ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ ЕНШІСІНДЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ КУБОГЫ ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ ЕНШІСІНДЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ КУБОГЫ ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ ЕНШІСІНДЕ