ALMAU-ДАҒЫ КЕЗДЕСУ

11-ші қараша. Алматының тағы бір жоғарғы оқу орны  - Almaty Management University (бұрынғы МАБ) Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының «Есеновтік оқулар»  жобасына қосылды. Оқу орнының қабырғасында кәсіпкер Андрей Астаховпен кездесу өтті.  

ALMAU-ДАҒЫ КЕЗДЕСУ

 

Оқулар аясындағы мүлдем жалықтырмайтын бұл дәрістің тыңдаушылары арасында негізінен болашақ маркетологтар мен қонақ үй мен мейрамхана бизнесінің менеджерлері болды. Студенттердің Андрейге қойған басты сұрақтары да осы мамандықтарға сай келді: дағдарыс кезеңінде кәсіпкер адамға тәуекелге баруға бола ма, Андрей мейрамхана ашуды жоспарлайды ма, не себепті лектор мол тәжірибе берген үлкен компаниялардан кейін кішігірім компанияға жұмыс істеуге барды.

 

Андрей Астахов – кәсіпкер,  Caravan Beverages Group (Pago, Vittel, Perrier) директоры және де  Алматыдағы Ротари қайырымдылық клубының президенті. Ол заңгер дипломының иесі, FMCG секторында 20 жылдан астам тәжірибесі бар, әлемдік брендтердің маркетингі мен дистрибуциясы саласындағы өз ісінің маманы.   

 

10 қарашада триатлет және ультрамарафоншы Артем Якупов пен ҚазҰМУ оқушылары әл-Фараби атын. ҚазҰУ биология және физика факультеттерінің студенттерімен кездесті.  Асфендияров университетінің студенттері  Академик Ш. Есенов атын. қорының гранты есебінен өткен өздерінің ғылыми тағылымдамалары жайлы айтып, жинақтаған тәжірибесі туралы бөлісіті.  Осы лекторлармен «Есеновтік оқулар» аясындағы жақын арадағы кездесу 24-ші қарашада ALMAU–де өтпекші.  

 ________________________________________________________________________________________________

«Есеновтік оқулар» сериясының мүлдем жалықтырмайтын дәрістері - студенттерге өсу мен дамуға септігін тигізетін қосымша ақпарат және білім беретін мүмкіншілік. Академик Шахмардан Есенов атындағы қордың жобасы әр саладағы атақты мамандардың дәріс оқуынан тұрады.  Дәрістер Қордың ұйымдастыруымен Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының қабырғаларында өткізіледі. 

 

«Есеновтік оқулар» дәрісін өз университетіңізде өткізуді қаласаңыз, бізбен хабарласыңыздар:

Григорий +7(705) 888 57 88, grigoriy.l@yessenovfoundation.org // Жадыра +7(771) 775 63 32, zhadyra.s@yessenovfoundation.org // тел.:+ 7 (727) 349 40 04/05