ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

Академик Ш.Есенов атындағы қор 2016 жылы жазғы тағылымдамадан өту грантына өтінім қабылдау мерзімін ұзартуға шешім қабылдады.  Жаңа дедлайн – 2015 жылдың  15-ші желтоқсаны.

 

Мерзімді ұзарту ұсынысын қорға хабарласқан студенттер айтты. Байқауға қажетті құжаттарды жіберуге студенттердің енді бір ай уақыты бар.  

 

Бұдан бұрын қор грантқа құжаттар тапсырудың соңғы мерзімін 20-шы қараша деп белгілеген. Қор жаратылыстану-ғылыми және техникалық бағыттарында оқып жатқан еліміздің жоғарғы оқу орындарының 2, 3-курс студенттеріне АҚШ зертханаларында ғылыми  машықтанудан өту үшін 10 грант бермекші.  Қатысушыларға қойылатын тағы бір талап - ҚР азаматы болу. Бағдарламаға медицина мамандығында оқып жатқан 4-курс студенттері қатыса алды, себебі медицина факультеттерінде бакалавриат бағдарламасы 5 жылды құрайды.  

 

Зертханаларда жинақталған ғылыми-зерттеушілік тәжірибе - бұл PhD бағдарламасына түсушілер үшін қойылатын негізгі талаптардың бірі. Осындай мүмкіншілік беретін жазғы тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын грант бағдарламасы қорда екі жыл бойы жүзеге асырылып келді. Бүгінгі таңда 19 қазақстандық студент АҚШ-тың алдыңғы қатарлы оқу орындарында жазғы тағылымдамадан өтті. Университеттер арасында Калифорния технология институты, Гарвард медицина мектебі, Тафтс және Колорадо мемлекеттік университеті бар. Байқаудың шарттары мен қатысу туралы толық мәліметті қор сайтынан таба аласыздар.