БІР МЕЗГІЛДІ ОЙЫННЫҢ ЕРЕКШЕ СЕАНСЫ

Алматы қаласында 2015 жылдың 20-30-шы қарашасында өтетін шахматтан Орталық Азия Кубогы аясында бір мезгілді ойынның ерекше сеансы өтеді.

БІР МЕЗГІЛДІ ОЙЫННЫҢ ЕРЕКШЕ СЕАНСЫ

 

Қазақстанда алғаш рет шахмат әуесқойларымен бірден екі бірдей ойыншы шахмат партиясын ойнайды: Қазақстанның бірнеше дүркін Чемпионы, үш бірдей шахмат олимпиадаларында Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы, Азия Кубогының иегері, халықаралық гроссмейстер Ринат Джумабаев және 15 жастағы гроссмейстер, Азия чемпионы, балар арасындағы әлемнің төртдүркін чемпионы Жансая Абдумәлік.

 

Сеансқа алғашқы болып тіркелген 30 шахматшылар қатысады. Өтінім формасы Қазақстан шахмат федерациясының Фейсбук парақшасында және де веб-сайтында жарияланған (www.kazchess.kz). Толтырылған өтінімді 15-ші қараша күні түнге дейін info@kazchess.kz электрондық мекен-жайына жіберу қажет. Сеанс 22-ші қараша күні сағат 10:00-де Grand Tien Shan қонақ үйінде өтеді.