ЕСЕНОВТІК ОҚУЛАРДЫҢ КҮЗ ЖӘНЕ ҚЫС МАУСЫМЫ

Алматыда оқыту қағидасы үлгі болу тағылымына негізделген «Есеновтік оқулар» дәрістерінің кезекті семестрі басталды. Дәрістер қазан айының 27-28-нде Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-де өтсе, қараша және желтоқсан айларында ҚазҰТУ, Аль-Фараби атын. ҚазҰУ және де ALMAU оқу орындарында да өтпекші.

ЕСЕНОВТІК ОҚУЛАРДЫҢ КҮЗ ЖӘНЕ ҚЫС МАУСЫМЫ 

 

Осы маусымдағы алғашқы оқулардың лекторлар қатарында ультрамарафоншы, «Алматы Марафоны» ұйымдастырушыларының бірі Артем Якуповпен қатар қор гранты бойынша АҚШ зертханаларында жазғы тағылымдамадан өткен ҚазҰМУ студенттері Берік Калиуллаев пен Асел Ежикова да болды. Артем жүгірудің өмірлік сұрақтарға жауап табуда қалайша септігін тигізетіні жайлы айтып, өз тәжірибесімен бөлісті. Ал студенттер өздерінің Америкада өткен тағылымдамасы мен қор байқауына қатысу тәжірибесі жайлы баян етті.   

 

Қараша айында Артем, Асел және Берікке жаңа спикер – бизнесмен, Caravan Beverages Group (Pago, Vittel, Perrier) директоры және де қайырымдылық Ротари Клубының президенті Андрей Астахов қосылмақшы.  Андрей - заңгер дипломының иесі, FMCG секторында 20 жылдан астам тәжірибесі бар, әлемдік брендтердің маркетингі мен дистрибуциясы саласындағы өз ісінің маманы.  Лектор тауашалы бизнестің дамудағы өзгешеліктері мен кәсіпкердің қоғам алдындағы жауапкершілігі жайлы дәріс оқиды. 

 

«Есеновтік оқулардың» жақын арадағы кестесі.

4-ші қараша – 16.00 – Рысқұлов атын. ҚазЭУ. Лектор: Андрей Астахов. 

 

10-шы қараша – 11.00 – әл-Фараби атын. ҚазҰУ (Механико-математикалық факультет, қызыл зал). Лекторлар: Артем Якупов, Асел Ежикова, Берік Калиуллаев.

 

Сонымен қатар қараша және желтоқсан айларына жоспарланған дәрістер берушілер арасында ҚР Мәжіліс депутаты Галина Баймуханова мен «Байкен-U» БК бас директоры Бауыржан Бердалиев атты тұлғалар бар. «Байкен-U» БК Қызылорда облысында табиғи уран өндіруімен айналысады. 

_____________________________________________________________________________________________________________________________________

«Есеновтік оқулар» сериясының мүлдем жалықтырмайтын дәрістері - студенттерге өсу мен дамуға септігін тигізетін қосымша ақпарат және білім беретін мүмкіншілік. Академик Шахмардан Есенов атындағы қордың жобасы әр саладағы атақты мамандардың дәріс оқуынан тұрады.  Дәрістер Қордың ұйымдастыруымен Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының қабырғаларында өткізіледі. 

 

«Есеновтік оқулар» дәрісін өз университетіңізде өткізуді қаласаңыз, бізбен хабарласыңыздар:

Григорий +7(705) 888 57 88, grigoriy.l@yessenovfoundation.org // Жадыра +7(771) 775 63 32, zhadyra.s@yessenovfoundation.org // тел.:+ 7 (727) 349 40 04/05