АҚШ-ТА ЖАЗҒЫ МАШЫҚТАНУДАН ӨТУ ГРАНТЫ

2016 жылғы жазғы машықтану грантын жеңіп ал! Академик Шахмардан Есенов атын. ғылыми-білім беру Қоры ҚР азаматы болып келетін және қазақстандық ЖОО-ның жаратылыстану-ғылыми және техникалық мамандықтарында оқитын 2, 3-курс студенттеріне АҚШ зертханаларында ғылыми  машықтанудан өту грантына байқау жариялайды.

АҚШ-ТА ЖАЗҒЫ МАШЫҚТАНУДАН ӨТУ ГРАНТЫ 

Егерде сен:

  • қазақстандық ЖОО-ның 2, 3-курс студенті болсаң;  
  • мамандығың – жаратылыстану-ғылыми және техникалық болса немесе нутрициология, емдәмі зерттеулері және халық денсаулығы (Nutrition/Food Studies, Public Health) салаларына қатысы бар болса;
  • шетелдік үздік ЖОО-ның Ph.D. бағдарламасына түсуді армандасаң;  
  • ғылыми жобаларың мен осы салада ерекше жетістіктерің болса;  
  • ғылыммен айналысуды қаласаң және оны дәлелдей алсаң; 
  • Қазақстанда ғылымды дамытуға және жұмыс істеуге ынтаң болса. 

 

 

Сенің келесідей мүмкіндіктерің бар:

АҚШ-та жұмыс жасайтын ғалымдардан сараптық қызмет және жәрдем алу; 

  • Түсуге қажетті дайындықтан және тренингтен өту;  
  • Таңдаған машықтану бағдарламаларының біріне түсу;  
  • Грантқа ие болып, 2016 жылдың жазында АҚШ-қа машықтануға бару. 

  

Бұл үшін 15.12.2015 ж. мерзіміне дейін келесі құжаттарды жібер:

  • Толтырылған өтінім;
  • Жеке құжат көшірмесі;
  • Сынақ кітапшасының көшірмесі (барлық сессияларды қоса);
  • Орта білім аттестаты және оның қосымшасының көшірмесі;
  • Диплом, сертификаттар және ғылыми конкурстық жұмыстардың көшірмесі;
  • «Маған Ph.D. дәрежесі  ... үшін керек» тақырыбында эссе;
  • ЖОО проректоры немесе ректорының мінездемесі.

                                                                                                                                                                

Барлық құжаттарды Қор кеңсесіне жібер:  

 050040,  Алматы қ., Аль-Фараби даңғ. 36, «AFD» БО, 4-қабат

 info@yessenovfoundation.org

  

  •  Қормен хабарласып, өтінімнің қабылданғанына көз жеткіз

 

Бірінші іріктеу кезеңінің нәтижесі - 31.01.2016 ж. 

АҚШ-ТА ЖАЗҒЫ МАШЫҚТАНУДАН ӨТУ ГРАНТЫ