Есенов оқулары: «Табысқа жетелейтін 88 қадам» және 8Belts дәрісі Испанияның кемеңгері және инноваторы Анчо Перес Сорбонна Қазақстан Институтына (Абай атындағы ҚазҰПУ) келмек

28 сәуір күні сағат 16:00-де Сорбонна Қазақстан Институтында (Абай атындағы ҚазҰПУ) Академик Ш. Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қорының «Есенов оқулары» бағдарламасы шеңберінде «ТАБЫСҚА ЖЕТЕЛЕЙТІН 88 ҚАДАМ» атты дәріс өтеді. Дәріс кезінде студенттерге жекебастың тиімділігі, мотивация тұжырымдамасы туралы ақпарат беріліп, қандай да бір дағдыны, оның ішінде тілді қалай тез меңгеруге болатыны туралы іс жүзінде қолдануға болатын кеңестер берілетін болады.

Альберт Эйнштейн «Адамдарды оқытудың ең жалғыз ақылды жолы – оларға үлгі көрсету» деп айтқан. «Есенов оқулары» жобасының негізі ұлы ғалымның тұжырымдаған осы қағидасына сүйене отырып қаланған. Бұл - студенттердің жеке тұлғасын дамытуға мүмкіндік беретін қосымша білімдер мен ақпараттарды ұсынатын факультативтік формат.

Дәрісті Испанияның кемеңгері, АҚШ, Бельгия, Қытай университеттерін 5 дипломмен тәмамдап шыққан, көп тілдерді білетін табысты кәсіпкер, сазгер, музыкант, 8belts инновациялық әдістемесінің және сатылымға шығарылғаннан кейінгі 50 күннен соң Испаниядағы  №1  бестселлерге айналған «Табысқа жетелейтін 88 қадам» кітабының авторы Анчо Перес (http://www.anxoperez.com/)  өткізеді. Өзінің «ТАБЫСҚА ЖЕТЕЛЕЙТІН 88 ҚАДАМ және 8Belts» атты өзінің дәрісі барысында ол жеке тиімділік қағидалары жайында әңгімелеп, дағдыларды қалай меңгеріп, бір ізге келтіруге болатыны жөнінде, мотивация дегеніміз не және табысқа қалай жетуге болады деген сұрақтарға жауап беретін болады. Сонымен қатар, 8 айдың ішінде тілді үйренуге мүмкіндік беретін бірегей әдістеме бойынша тілдерді меңгерудің негізгі қағидалары мен әдістері жайында кеңінен сөз қозғалатын болады.

Оқытуға арналған кез-келген тиімді әдіс кешенді тәсілдемені және түрлі технологияларды қолданудан құралады. Шақырылған қонақтардың дәрістері мен шеберлік сыныптары түрінде өтетін оқыту форматы студенттерге өз саласында жетістікке жеткен қызықты тұлғалармен танысу үшін, қазақстандық жас ғалымдар мен тәжірибешіл мамандардың жаңа буынына үлгі бола алатын өз ісінің кәсіпқой шеберлерімен қатынасу үшін бірегей мүмкіндіктерді береді. Сондай-ақ, «Есенов оқулары» ғылым мен бизнестегі жаңа бетбұрыстар туралы ақпаратты сарапшылардың өз аузынан естіп білуге, пайдалы байланыстар тізімін толықтыруға, шетелдің ең үздік жоғарғы оқу орындарына баруға, жалпы ой өрісін кеңейтіп, дүниеге деген көзқарасын өзгертуге, өз жеке тұлғасын дұрыс қабылдауға нағыз мүмкіндіктерді ұсынады. 

Қордың бағдарламасы шеңберінде келесі дәрістер өткізілді:

1. С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-де өткен «Бірінші болу үшін батыл бол!» және «АҚШ зертханаларында жазғы тағылымдамадан өту" атты дәрістер;

2. Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы КМТИУ-де өткен «Мұнай алу көлемін арттыру: кіріспе», «Тұздық-қышқылдық өңдеу» және «Қабатты сумен жару» атты дәрістер;

3. «Геология мәселелері, Азияға жерсілкіністерінің әсерінен төніп тұрған қауіптер және аймақтың осы қауіптерден қорғалмауы: Қазақстан үшін ұсынылған ғылыми мүмкіндік»  атты ҚазҰТУ, ҚазҰУ-де өткен дәрісті Кембридж Университетінің профессоры Джеймс Джексон оқыды. Осы дәрісті өткізудің нәтижесінде қазақстандық студент-докторант Бауыржан Құрманов Кембридж Университетінің зерттеушілер тобына қосылды.

 

АҚШ зертханаларында жазғы тағылымдамадан өту бағдарламасына қатысқан студенттер University of California, California Institute of Technology, Lawrence Berkeley National Laboratory, The University of Alabama, Drexel University, Lehigh University, Harvard Medical School зертханаларында тағылымдамадан өтіп, Массачусетс Технология Университеті (MIT), Бостон және Токия Университеттері секілді көшбасшы жоғарғы оқу орындарында докторантураға қабылданды. Анчо Перес дәрісіне Бауыржан Құрманов, Қордың сарапшылар тобының мүшесі, Ph.D. CalTech студенті Эльдар Ахметгалиев, сондай-ақ, АҚШ зертханаларындағы жазғы тағылымдамаларға қатысқан студенттер қатысатын болады.

Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының байланыстары:

Бізбен:                   yessenovfoundation.org    

әрқашан:                   zhadyra.s@yessenovfoundation.org; info@yessenovfoundation.org  

байланысуға болады:     + 7 771 775 6332 Жадыра, + 7 705 888 5788 Гриша, + 7 727 349 40 04/05

Дәрістің өтетін орны:      Сорбонна Қазақстан Институты (Абай атындағы ҚазҰПУ), 38-аудитория; Қазыбек би 28 көшесінен кіру қажет, Достық көшесінің қиылысында.

 

+7 771 775 6332 телефонына қоңырау шалу немесе SMS хабарлама жіберу арқылы іс-шараға тіркелуге болады.