Nauka.kz " Елордада білім берудің сапасын арттыру жолдары талқылануда" (25.02.2015)

Елордада «Білім сапасы және интернационализациялау: үдерістер, нәтиже және халықаралық тәжірибе» атты халықаралық форум өтуде.

Форум жұмысын ашқан ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев өз сөзінде Қазақстан колледждері мен жоғары оқу орындарында енгізіліп жатқан дуальды оқыту жүйесіне тоқталды.

 

«Аталған шара бірінші кезекте қазақстандық кәсіпкерлердің өздеріне қажетті мамандар базасын алуына, дуальды оқытуда жетекші білім беру мекемелерімен әріптестік орнатуға мүмкіндік жасайды. Шетелдік және отандық білім беру орындарымен қаншалықты жоғары әріптестік орнаса, соншалықты отандық экономиканың дамуына үлес қосар талапты мамандарды даярлауға жол ашылады», - деді Н.Әлтаев.

 

Форум жұмысына 20-дан астам шетелдік университеттер мен қазақстандық 30 жоғары оқу орнының өкілдері қатысуда. Сондай-ақ халықаралық шараға қатысушылар қатарында Ұлыбритания кеңесі, АҚШ білім беру ұйымы, Канада білім беру консулдығы, Түркия Елшілігі, Франция кампусы, Халықаралық неміс ұйымы бар.

 

Форумның негізгі мақсаты - орта және жоғары білімді мамандарды даярлаудың қазіргі жай-күйімен танысу, әлемдік және еліміздің жетекші білім беру мекемелерімен әріптестік орнату, сенімді серіктестіктің тиімді жолдарын табу

 

Дереккөзі: Nauka.kz