Nauka.kz "03.03.2015 ҚР БҒМ: Талапкерлерге еліміздің еңбек күші тапшы өңірлерінде білім алуы үшін 4 мың грант бөлінді" (03.03.2015)

2015-2016 оқу жылында кадр тапшылығы орын алып отырған өңірлерде білім алғысы келетін талапкерлерге төрт мыңға дейін мемлекеттік білім гранты бөлінеді. Бұл туралы аталған ведомстводан «ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің ресми сауалына орай мәлім етті.

«2015-2016 оқу жылында еңбек күші шамадан тыс өңірден еңбек күші тапшы облысқа барып білім алғысы келетін жастар үшін жоғары оқу орындарындағы мамандықтар тізбесі кеңейтіледі, соынмен қатар білім беру гранттарының саны артады. Мәселен, 2015-2016 оқу жылында жоғары оқу орындарында педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша гранттар саны 4000-ға дейін арттырылатын болады», - делінген хабарламада.

 

Министрлік ақпаратына қарағанда, 2014-2015 оқу жылында бұл көрсеткіш 1050 грантты құраған. Сонымен қатар аталған бағдарлама бойынша жаңа оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне 1200 студентті іріктеу жоспарланып отыр.

 

«175 орыннан Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында қарастырылған. Ал Қостанай облысында 150 адам грант бойынша білім ала алады», - деді министрліктен.

 

Дереккөзі: Nauka.kz