Ш.Есенов атындағы КМТИУ-дегі Есеновтік оқулар

Академик Ш.Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қоры Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы КМТИУ-де «Есеновтік оқулар» атты қонақтық дәрістер циклін бастамақшы.  «Мұнай және газ өндірісін көбейту: кіріспе» бірінші дәрісі наурыз айының 20-шы жұлдызында 24-ықшам ауданы, Мұнай және газ факультетінің 206-аудиториясында өтеді.

«Есеновтік оқулар» - қазақстандық студенттердің кәсіби дағдыларын дамыту мақсатында өткізілетін қонақтық дәрістер топтамасы. Дәрістерді білім, бизнес, жеке тиімділікті арттыру, мұнай-газ және тағы да басқа салаларының жетекші мамандары мен кәсіпқойлары өткізеді.

Қазіргі таңда «Есеновтік оқулар» бағдарламасының қатысушылар қатарында С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Мемлекеттік Медициналық Университеті,Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті және Академик Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технология және Инжиниринг Университеті бар.

Мұнай және газ факультетінің студенттеріне арналған дәрістер келесі тақырыптар бойынша өткізіледі:

  •   «Мұнай және газ өндірісін көбейту: кіріспе» / "Production Enhancement: General introduction"
  •   «Карбонат қабаттарын қышқылмен өңдеу» / "Acid stimulation"
  •   «Жер асты қабатын сұйықпен жару» / "Proppant fracturing"

Дәріс оқушыбұрғылау жұмыстарының маманыНұрланНұркамаловичҚұлшынбаев(«Тенгизшевройл»  ЖШС, канадалық Trican Well Service). Студенттердің кәсіби ағылшын тілі деңгейін көтеру мақсатында, сонымен қатар, КМТИУ және «Bonas MacFarlane Education Kazakhstan» компаниясымен бірлесе ұйымдастырылған Қордың ағылшын тілі бағдарламасының логикалық жалғасы ретінде дәрістер ағылшын тілінде өткізіледі. 

«Есеновтік оқулар» бағдарламасы аясында студенттерге, қазақстандық жас ғалымдар мен тәжірибешілерге өмірлік жолы үлгі болатын, өз салаларында айтарлықтай жетістіктерге жеткен, танылған кәсіби мамандар, қызықты тұлғалармен тілдесуге бірегей мүмкіндік ұсынылады.

Алғашқы «Есеновтік оқулар» дәрістері ҚазҰТУ және де ҚазҰУ жоғарғы оқу орындарында Қормен ұйымдастырылып, онда Кембридж университетінің профессоры Джеймс Джексон сейсмология бойынша дәрістер оқып, брифингге қатысты.  Өткізілген дәрістер нәтижесінде қазақстандық университеттердің ғалымдарымен тікелей байланыс орнатылып, ал бірқатар студенттер профессор Джексонның зерттеу тобына шақырту алды. 

 

Бұл дәрістер нәтижесінде қазақстандық студенттеріміз жалпы ой-өрістерін кеңейтіп, алдағы кәсіби, тұлғалық және мансаптық жетістіктері үшін пайдалы қосымша мағлұматтарға ие болады.