ЕСЕНОВТІК ОҚУЛАРЫ: «Бірінші болу батылдық!»

24-ақпан: С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және 27-ақпан: Қ.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ

 

Альберт Эйнштейн: «Адамдарды оқытудың дұрыс жолы – оларға үлгі болу» деген. «Есеновтік оқулар» жобасы ұлы ғалымның қағидасы негізінде құрылған. Факультативтік дәрістер студенттерге жеке даму мүмкіншіліктерін кеңейту үшін қажетті қосымша ақпарат пен білімді ұсынады.

«Бірінші болу батылдық!» дәрісі - өз денесін күтіп, салауатты жеке өмір салтын ұстана отырып, жеке кәсіби мансабын өсірудің негізін салудың тақырыбына арналған. Дәрісті оқушы - салауатты өмір салты саласындағы сарапшы, спорт шебері, Азия Чемпионы, әлем және Еуропа чемпионаттарының қола жүлдегері, Қазақстанның пауэрлифтинг, бодибилдинг спорты бойынша бірнеше мәрте чемпионы, сонымен бірге дұрыс тамақтану және фитнесс туралы кітабының авторы - Валихан Тен.

Дәріс барысында Қор қызметінің және АҚШ зертханаларындағы машықтану бағдарламасының, сонымен қатар «Шетел ЖОО зертханаларындағы жаздық тағылымдамаларына және Ph.D-ге түсу нұсқаулық» атты арнайы басып шығарылған оқу құралының тұсаукесері өтеді. Қол жетімді және тегін таратылатын нұсқаулықтың құндылығы - қазіргі уақыттағы студенттердің сұранысына бейімделіп, сынақ мерзімінен өткен қатысушылар мен атақты сарапшылардың ұсыныстарында.

Кешенді көзқарас пен түрлі технологияларды қолдану қандай да оқудың тиімділігінің негізі.  Оқу мен оқыту классикалық тұрғыдан алғанда теория, тәжірибе, өз бетімен үйрену және емтихан тапсыру сияқты элементтерінен тұрады. Академик Ш. Есенов атындағы Ғылыми-Білім беру Қоры бүгінгі күнгі қазақстандық университеттерде берілетін білімге тағы да бір элементті – қонақ дәрістерін енгізуді ұсынып отыр.  Аталған үлгідегі дәрістер жоғарғы оқу орындарында әзірше тұрақсыз өткізіліп жатқандықтан, алғы қойылған міндеттердің бірі - қонақ дәрістері мен мастер-класстардың жүйелігін құру.

Сонымен қатар, аталмыш жаңа бағдарлама студенттерге ынталандыратын үлгі болатынана сенеміз, өйткені қонақ дәрісшілер болып оқыған, бірегей білімі бар, өз саласында табысқа жеткен кәсіпқой мамандар шақырылған.  Студенттер бағдарлама арқылы бизнес, ғылым, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару салаларындағы мамандармен бетпе-бет кездесе, сирек мүмкіншілікті ұсынатын ғылым және бизнестегі жаңа үрдістер, пайдалы байланыс телефондар тізімін толтыру, дүние жүзінің ең үздік оқу орындарына қалай барып қайту, ой-өрісін кеңейту, әлеміңнің көрінісін өзгерту, өзі туралы түсінушілікті тиімдету мүмкіндіктері туралы құнды ақпарат ала алады.

Компания өкілдері студенттерге осы күнгі еңбек нарығындағы талаптар жайлы нақты түсінік алуға, әр студенттің өзінің күш-қуаты мен әлеуетін дұрыс бағалау мен арттырудың жолдарын үйренуге мүмкіндік береді. 

Қордың Кембридж Университеті ғалымдарымен бірлесе қонақ дәрістерін (ҚазҰТУ, ҚазҰУ) өткізу тәжірибесі бар.  Нәтижесінде, қазақстандық жас мамандардың Кембридж Университетінің зерттеушілер тобына қосылу мүмкін болды. 

Бұдан басқа, тыңдаушылар Қорыдың Жазғы машықтану бағдарламасы аясында медицина саласы студенттеріне жақын да қызық болатын мамандықтар бойынша АҚШ университеттеріндегі тағылымдамалар мүмкіншіліктерімен танысады 

 

Академик Ш. Есеноватындағы Ғылыми-білім беру Қоры

Байланыс құралдары:

 

 

Біз:                  yessenovfoundation.org

Әрқашан:          aliya.sagin@gmail.com

 

Байланыстамыз:  +7 705 181 8395, +7 727 349 4004/05