АҚШ ЗЕРТХАНАЛАРЫНДА ЖАЗҒЫ МАШЫҚТАНУДАН ӨТУ ГРАНТЫН ЖЕҢІП АЛ

SHAKHMARDAN YESSENOV ғылыми-білім беру Қоры қазақстандық ЖОО-ның техникалық және жаратылыс ғылымдар мамандықтарының 2-3-курстарында оқитын студенттерге және ҚР азаматтарына АҚШ зертханаларында ғылыми машықтанудан өтуге ОН ГРАНТТЫҢ бөлінуіне ЖАҢА БАЙҚАУ жариялайды.

 

ЕГЕР ДЕ СЕН:

* Казақстандық ЖОО-ның 2, 3-курс студенті болсаң;

* Мамандығың жаратылыстану-ғылыми немесе техникалық болса;

* Шетелдік үздік ЖОО-ның Ph.D бағдарламасына түсуді армандасаң;

* Осы салада ғылыми жобаларың мен айрықша жетістіктерің болса;

* Ғылыммен айналысуды қаласаң және оны дәлелдей алсаң;

 

ОНДА:

* АҚШ-та жұмыс жасайтын ғалымдардың сараптық қолдауы және жәрдемдестігін алу;

* Оқуға түсуге дайындайтын тренингтер мен тиісті дайындықтан өту;

* Таңдаған машықтану бағдарламаларының біріне түсу;

* Грантқа ие болып, 2015- жылдың жазында АҚШ-қа машықтануға бару 

- сияқты КЕРЕМЕТ МҮМКІНДІГІҢ БАР!

 

БҰЛ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ІС-ӘРЕКЕТ:

* Бағдарламаға қатысу өтінімін толтыру (өтінім);

* Бізге келесі құжаттарды жіберу:

- Жеке куәлік көшірмесі;

- Сынақ кітапшасының көшірмесі (барлық сессияларды қоса);

- Орта білім аттестатының және оның қосымшасының көшірмесі;

- Диплом, сертификаттардың, ғылыми конкурстық жұмыстардың көшірмесі;

- «маған Ph.D дәрежесі.... үшін қажет» тақырыбында эссе;

- ЖОО Ректорының немесе проректорының кепілдемесі;

30.11.2013 ж. мерзімге дейін тапсыру қажет.

 

Барлық құжаттар мен өтінімді Қор кеңсесіне жіберіңіз :

050040,  Алматы қ., Аль-Фараби 36, «AFD» БО, 3-қабат

+ 7 727 349 40 04, + 7 727 349 40 05

f.yessenov@gmail.com, www.yessenovfoundation.org  

 

* Келесі байланыс телефондарына хабарласып, өтініміңіздің қабылданғанына көз жеткізіңіз:

Тел.: + 7 727 349 40 04, + 7 727 349 40 05

Және 12.12.2014 ж. дейін іріктеудің бірінші кезеңінің нәтижесін күтіңіз.