SHAKHMARDAN YESSENOV FOUNDATION ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ҚОРЫ Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КМТИУ-НІҢ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ

 SHAKHMARDAN YESSENOV FOUNDATION ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ҚОРЫ Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КМТИУ-НІҢ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ, КӨЛІК ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ФАКУЛЬТЕТТЕРІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ МЕН ОҚЫТУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ГРАНТТАР АРҚЫЛЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУ БАЙҚАУЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ

 

Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми-білім беру Қоры Ш.Есенов атындағы КМТИУ (Университет) студенттерінің бәсекелестік қабілетін арттыруға бағытталған ғылыми-білім беру бағдарламаларын іске асыруды жалғастыруда.

Байқауға қатысқан ең үздік студенттер Bonas Macfarlane Education атты британдық жетекші тілдік мектебінің арнайы бағдарламасы бойынша ағылшын тілін оқу грантына ие болады. Бағдарлама шеңберінде Университет қабырғасында ағылшын тілін Ұлыбританиядан шақырылған оқытушылар жүргізеді.

 

ҚАТЫСУШЫЛАР:

§  Мұнай және газ, Көлік және құрылыс факультетінің 1,2,3,4-курс студенттері;

§  Мұнай және газ, Көлік және құрылысфакультетінің 1,2-курс магистранттары;

§  Мұнай және газ, Көлік және құрылыс факультетінің оқытушылары.

 

ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Студенттерге:

§ Негізгі пәндерден үлгерімі «Жақсы» және «Өте жақсы»;

§ Ғылыми-білім беру бағдарламалар, конференциялар мен олимпиадалардан алған сертификат диплом және басқа да жетістіктердің болуы қосымша көмек болады;

§ Жеке кәсиби мүмкіндіктерін дамытуға деген ұмтылыс пен белсенділік.

     Оқытушыларға:

§ Университеттің штаттық қызметкерлері;

§ Жеке кәсиби мүмкіндіктерін дамытуға деген ұмтылыс пен белсенділік.

 

БАЙҚАУ МЕРЗІМІ:

       Өтінімдерді қабылдау:    20– 31 қазан 2014 ж.              

Тестілеу:                       03-04 қараша 2014 ж.

Сұхбат:                         05-06 қараша 2014 ж.             

 

 

БАЙҚАУДЫҢ ӨТУ ТӘРТІБІ:

Байқау үш кезеңнен тұрады:

 

1.     Өтінім қабылдау:

1.1.      Байқауға қатысуды қалайтын оқытушылар, студенттер байқаудың ұйымдастырушы комитетіне 31.10.2014 ж. дейін белгіленген формада өтінім өткізеді;

1.2.      Өтінімді http://yessenovfoundation.org Қор сайтынан, http://www.kguti.kz университет сайтынан жүктеуге немесе Қор кеңсесінен: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғ. 36, «AFD» ғимарат кешені, Б блок , 3-қабат мекен-жайы бойынша алуға болады;

1.3.      Өтінімде қатысушы туралы негізгі ақпарат толтырылып және келесі құжаттар тіркеледі:

1)   Жеке куәлік көшірмесі;

2)   Студенттерге сынақ кітабының көшірмесі (барлық сессияларды қоса);

3)   Жетістектерді растайтын сертификат, диплом және басқада құжаттар көшірмесі;

4)   Магистрант-студенттердің бакалавр дипломы мен қосымша парағының көшірмесі.

1.4.      Өтінімді электронды түрде, қосымшаны сканерленген түрде Қор электрондық поштасына f.yessenov@gmail.com немесе Қор кеңсесіне (Алматы қ., Аль-Фараби даңғылы 36, AFD ғимарат кешені, блок «Б», 3 қабат) жіберуге болады;

1.5.      Осы кезеңде студенттер үлгерімі және өтінімдердің толтырылу сапасы мен сертификаттар бойынша іріктеледі.  

 

2.     Тестілеу:

2.1.        Белгіленген мерзімде өтінімді тапсырып, байқаудың бірінші кезеңінен өткен студенттер мен оқытушылар тестілеуге жіберіледі;

2.2.        Тест жазудың мақсаты - ағылшын тілін білу деңгейін анықтау;

2.3.        Тест 03-04.11.2014 күні жазбаша түрде Ұйымдастырушы комитеттің қосымша шақыруы бойынша өтеді.

 

3.     Сұхбат:

3.1.        Тест нәтижесі бойынша ағылшын тілін қажетті деңгейде көрсеткен оқытушылар мен студенттер интервьюге шақырылады;

3.2.        Интервьюдің мақсаты – қатысушының жеке қасиеттері мен ағылшын тілінде сөйлесу деңгейін анықтау;

3.3.        Сұхбат 05-06.11.2014 ж. күндері Ұйымдастырушы комитеттің қосымша шақыруы бойынша өтеді.

 

Байқаудың Ұйымдастырушы комитеті:

§  Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми-білім беру Қоры

§  Bonas Macfarlane Education ағылшын тілі мектебі

§  Университет Ректораты

 

 

Байқаудың сарапшылар комиссиясы:

§  Сарапшылар мен Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми-білім беру Қорының Қамқоршылық Кеңесінің мүшелері;

§  Bonas Macfarlane Education мектебінің профессорлары мен оқытушылары;

§  Университет профессорлары мен оқытушылары.

 

 

Байланыс ақпараттары:

Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми-білім беру Қоры

 

www.yessenovfoundation.orgf.yessenov@gmail.com, + 7 727 349 40 04 (05) (кеңсе), + 7 771 775 18 15 (Ирина), +7 777 582 62 96 (Айгерім)