АЗИЯДАҒЫ ЖЕР СІЛКІНІСІНІҢ ГЕОЛОГИЯСЫ, ҚАУІП-ҚАТЕРІ ЖӘНЕ И ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ЖОҚТЫҒЫ: ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ҒЫЛЫМИ МҮМКІНДІКТЕР

3-4 қыркүйек 2014 ж. -Қ. Сәтпаеватындағы Қазақ Ұлттық Техникалық және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттеріндеЛондонның Корольдік Қоғамы мүшесі, Ұлыбританияның Кембридж университетінің Жер туралы ғылымдар департаментінің басшысы, профессорДжеймсДжексонның дәрісі өтпекші. 

 

Профессор Джексонның дәрістері - Ұлыбританиядағы Зерттеу Кеңесінің (ERCN) қоршаған орта мен экономикалық және қоғамдық зерттеулер гранттарымен қаржыландырылған (ESRC) және де Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру Қоры мен Кембридж университетінің Орталық Азия форумының серіктестігі аясында өткізілетін Халықаралық «Шексіз жер сілкінісі» жобасы кезеңінің бір бөлігі.  

Қазіргі таңда Қор Кембридж университетінің Орталық Азия форумы ғалымдары және мамандарымен бірлесе отырып Қазақстан мен Ұлыбританияның ғылыми байланыстарын дамытуға бағытталған ғылыми-білімдік жобалардың бірнеше топтамаларын іске асыруда. Осындай жобалардың бірі - Кембридж университеті профессоры Джеймс Джексонның әлемдегі жер сілкінісіне ұшыраған сейсмикалық қауіпті аудандардың ерекшеліктері жайлы мәліметтер негізін құруға бағытталған жобасы. Сонымен қатар, профессор Джексон «Шексіз жер сілкінісі» бағдарламасы аясындағы Қазақстан үшін маңызды «Континенттің сейсмикалық қауіптерге төтеп беру мумкіндігін арттыру мақсатындағы серіктестік (2012─2017жж.)» атты зерттеулерінің негізгі әзірлеушілерінің бірі болып табылады.

Профессор Джексонның дәрісі сейсмикалық белсенділік мониторингі аймағындағы заманауый технологияларға (жер серіктік мониторингін қоса) және халықаралық ынтымақтастық аясында осындай технологияларды тиімді қолдану мүмкіндіктеріне арналады.

Дәрісті өткізудің мақсаты - осы тақырыпты көпшілікке тарату, сонымен қатар геология және сейсмология саласында оқып жатқан Қазақстандық жас мамандарды осы жобаның ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту.

 

Дәріс барысында Тянь-Шань тауларының сейсмикалық белсенділігін түсіну үшін қандай жұмыстар жүргізілгендігі жайында, және Қазақстандағы 1889 және 1991 жылғы жер сілкінісін тудырған жарықтар жайлы жақын арада өткен зерттеулердің нәтижелері баяндалады.  Орталық Азиядағы жер сілкінісі нәтижесіндегі құрбандар мен қираулардың санын азайту үшін қажет болатын әрекеттер тізімі де ұсынылады.  

Баяндаманы аяқтағаннан кейін профессор Джексон «Шексіз жер сілкінісі» бағдарламасы аясында мүмкін болатын ынтымақтастықтың бірнеше бағытын ұсынады.

«Шексіз жер сілкінісі» бағдарламасы аясындадағы Халықаралық серіктестік кадрларды дайындау, қауіп-қатерді бағалау, адам өмірін сақтап қалу, Орталық Азиядағы Альп - Гималай белдеуіндегі жер сілкінісі зардаптарын жеңілдету сұрақтарына жауап іздейді. Жоба апаттарға ұшыраған аудандар мен қоуымдастықтардың осал және мықты жақтарын зерттеуде, біріктірілген жер сілкінісі ғылымдары мен қоғамдақ ғылымдарда мол тәжірибесі бар халықаралық ғалымдар тобын біріктіреді. 

«Шексіз жер сілкінісі» бағдарламасы негізгі үш мақсатты көздейді: білім дәрежесін арттыру, өңірді зерттеу және бірінші және қайталама жер сілкінісі мен құрлық ішіндегі қауіп-қатерді үлестіру арқылы түрлендірмелі құбылыстармен қамтамасыз ету; қауіп тұнған тұрғындардың орнықтылығын күшейту жолдарын анықтау; сейсмикалық қауіптерге төтеп беру мақсатында желілік және транс-дисциплинарлық серіктестіктің ұзақ мерзімділігін қамтамасыз ету.   

Зерттеулер үш өңір - Орталық Азия, Солтүстік-Шығыс Қытай, Иран және Гималай тау бөктері - беткейлерін қамтуға бағытталған.

 

Дәріс кестесі:

03.09.2014 12:00-де – Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, Мұнай корпусы, 17-аудитория

04.09.2014 10:00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 1-БАЗ, биология жәнебиотехнологияфакультеті.

 

Қор жайлы анықтама:

ShakhmardanYessenovFoundation – 2013 жылы Қазақстандағы жоғарға білімді, ғылымды және инновацияны дамыту мақсатымен ең үздік меценаттық дәстүрлерде құрылған Ғылыми-білім беру Қоры.

 

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының миссиясы - Қазақстанның зияткерлік әлеуетін дамыту.  

 

Біз: yessenovfoundation.org    Әрқашан: аliya.sagin@gmail.com   Байланыстамыз: + 7 705 181 83 95