«Жоғары оқу орнының 2013 жылғы үздік оқытушысы»

Университет оқытушылары – «Жоғары оқу орнының 2013 жылғы үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары

2014 жылдың 20 қаңтарында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі республикалық «Жоғары оқу орнының 2013 жылғы үздік оқытушысы» байқауының қорытындысын анықтады. Жеңімпаздар арасында Ш. Есенов атындағы КМТИУ-дің келесі оқытушылары да бар:

1. Алпамыш Оразауханұлы АйтҚҰлов, техника ғылымдарының докторы, «Мұнай-газ ісі және геология» кафедрасының профессоры;
2. Айгүл Амангелдіқызы Демеуова, философия ғылымдарының докторы, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессоры;
3. Зайни Таласқызы КӨкшеева, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Педагогика және психология» кафедрасының доценті;
4. Назым Көшекқызы СтамҒалиева, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Шет тілдер» кафедрасының меңгерушісі.

Әріптестерімізді кәсіби саладағы кезекті жеңісімен құттықтаймыз! Отбасыларына амандық, зор денсаулық, шығармашылық табыстар тілейміз!

 

Ақпарат дерекнамасына сілтеме: КМТИУ