Қостанай студенттері “жасыл” технолонияларды игеруде

Қостанай студенттері “жасыл” технолонияларды игеруде Жарияланған күні 03.02.2014. Қаралу саны: 44

 

Қостанай. 3 – ші ақпан. DKNews. 24.kz телеарнасы қуат көздерін жаңартатын аймақтағы тұңғыш ғылыми зертхана Қостанай қаласында ашылғанын хабарлайды.
Ол жергілікті университеттің инженерлік және техникалық факультеті негізінде жұмыс істейді. Халықаралық жоба негізінде бағасы 40 мың евро зертхана  жабдығы – күн коллекторы мен жел генераторы сатып алынды. Жоғары оқу орын магистранттары алдағы EXPO жәрмеңкесінде жел қуатын, жер мен күн жылуын пайдаланудың өз зерттемелерін ұсынуға үміттенеді. Әрқайсының бекітілген ғылыми жұмыс жоспарлары бар. Ал диссертацияларын қорғағаннан кейін, олар патент алу үшін өтінімдерін береді.
Оқу мекемесін жарықтандыру қажеттілігінің бір бөлігін студенттер жинаған қондырғы атқарады.
- Біз энергетика саласында дайындығы мықты және тек аймақ үшін ғана емес, бүкіл республика үшін құштарлықпен жұмыс атқаратын мамандар болатынын күтеміз. Бұл оны алыс орналасқан ауылдар, фермалар, мекемелер, коттедждер мен ірі кәсіпорындардан  бастап  кеңдей қолдануға мүмкіндік береді, - дейді ҚМУ-дың электроэнергия мен физика факультеті кафедрасының жоғары оқытушысы Алексей Дик.

 

Ақпарат дерекнамасына сілтеме: http://dknews.kz/kostanajjskie-studenty-osvaivayut-zeljonye-tekhnologii.htm