FameLab

Сіз Қазақстанның заманауи ғылымының тұлғасы болып,Ұлыбританияда өтетін халықаралық ғылыми коммуникация конкурсына қатысқыңыз келеді ме?

Онда Сізді British Council Қазақстан мен «ТДЖҰА» АҚ-ның жаңа ғылыми коммуникация саласындағы «FameLab Қазақстан» атты конкурсына қатысуға шақырамыз. FameLab дегеніміз халықаралық финалы Ұлыбританиядағы Челтнэм қаласында өтетін  әлемдегі ғылыми коммуникация саласындағы ең ірі конкурстардың бірі. Конкурстың басты мақсаты - ғылым мен жалпы қауым арасындағы байланысты нәтижелі сатыға көтеру. Ғылымға тікелей қатысы жоқ адамдармен қарым-қатынасқа түсу арқылы ғалымдар халыққа өз зерттеулерін қарапайым тілмен баяндап беру мүмкіндігіне ие болады және соның арқасында халықтың соңғы ғылыми жетістіктер мен жалпы ғылымға деген қызығушылығын арттырады.

Конкурстың мәні - қатысушылардың ғылыми жұмыстың немесе зерттеудің концепциясын ағылшын тілінде үш минуттың ішінде айтып беру. Конкурсқа 18-ден 40 жасқа дейінгі технологиялар, инжинерия, медицина, биология, химия, физика және математика салаларында білім алып жатқан, жұмыс істеп жатқан немесе зерттеулер жасап жатқан Қазақстанның азаматтары қатыса алады. Өтінімдер жекеменшік және мемлекеттік секторлары қызметкерлерінен қабылданады.

 

Конкурсқа қалай қатысуға болады:

Іріктеу айналымына қатысу үшін 3 минуттан аспайтын қысқаша видеоны дайындап, оны видеохостингтердің біріне (YouTube, Vimeo) жүктеп, сол видеоның сілтемесін іріктеу айналымының онлайн-өтінімінде көрсету керек.

Іріктеу айналымының нәтижесінде 2015 жылдың 12 қарашасында Астанада өтетін Ұлттық финалға ең үздік 10 қатысушы таңдалады.

 

Ұлыбританияға сапар:

Ұлттық финалдың жеңімпазы Ұлыбританиядағы Челтнэм қаласында өтетін халықаралық FameLab конкурсына қатысады.

Ұлттық финалда екінші және үшінші орынға ие болған қатысушылар жеңімпазбен бірге оған қолдау көрсетуге Челтнэмге аттанады.

 

Жүлделер*:

Ұлттық конкурстың жүлдегері, екінші және үшінші орынға иеленген қатысушылар – 7.5, 2.5 және 1 миллион теңге мөлшеріндегі жүлделерге ие болады.

 

 

Осы ақпаратты конкурска қатыса алатын үміткерлер арасында таратуыңызды сұраймыз.  

 

 

Конкурс жалй толығырақ ақпаратты мына парақшадан ала аласыз: http://www.britishcouncil.kz/ru/famelab

 

Сұрақтарыңызды мына электронды поштаға жібере аласыз: famelab@kz.britishcouncil.org

 

 

8 қазан күні сағат 11:00-ден 12:30-ға дейін біз FameLab конкурсына арналған вебинар өткіземіз. Вебинар барысында конкурс жайлы айтып береміз және сіздердің сұрақтарыңызға жауап береміз. Вебинарға қатысу үшін келесі сілтеме арқалы онлайн тіркеуден өту керек:https://attendee.gotowebinar.com/register/4428447277768772866

 

Вебинар нөмірі: 147-806-187

Вебинар орындары шектеулі болғандықтан ертерек тіркелулеріңізді сұраймыз.

 

 

*Бұл жүлделердің бір бөлігі Ұлыбританияға сапарға әуе билетін және виза алуға жұмсалады

 

 

Құрметпен, FameLab Қазақстан тобы


The British Council is the United Kingdom's international organisation for cultural relations and educational opportunities. A registered charity: 209131 (England and Wales) SC037733 (Scotland).
This message is for the use of the intended recipient(s) only and may contain confidential information. If you have received this message in error, please notify the sender and delete it.
The British Council accepts no liability for loss or damage caused by viruses and other malware and you are advised to carry out a virus and malware check on any attachments contained in this message.