Бағдарлама жайында

Бізді қоршаған әлем әлі толық дамымаған сана-сезімге астан-кестен және тәртіпсіз болып көрінуі мүмкін. Тек қисын заңын және оның көмегімен табиғат заңын ашатын адами сана ғана оған қисындылық пен мән-маңыз береді. Бұрын алғашқы тайпалық қауымдағы адамдар заттардың жоғарыдан төменге түсетінін көріп, білді. Бірақ болып жатқан үдерістерді басқаратын физикалық күштер оларға түсініксіз еді. Ойлау механизмдері болмағандықтан солардың көмегімен зат мәнісіне ой жүгіртіп, оларды өзіне қызмет еттіруді білмеді. 

Кітап басып шығару және ғылыми әдебиетті дәріптеу жөніндегі жоба шексіз таным жолында ең басты қадамдарын жасаған тұлғалар туралы әңгімелеу, сондай-ақ білуге құлшыныс танытқандардың барлығына ғылым туралы, бізді қоршаған орта және еліміз туралы қолжетімді және тағылымды әдебиеттер ұсынуды ұйғарады.

Аталмыш бағдарламаны іске асыру аясында Қор мынадай кітаптарды баспадан шығарды: «Алтайдан Каспийге дейін» атты ескерткіштер және тарих, мәдениет пен географияның назар аударарлық орындарының атласы, Петр Капицаның «Қарапайымдылықтың бәрі – ақиқат» афоризмдер және нақыл сөздер кітабы.

Бағдарлама шеңберінде шығарылған барлық кітаптарды Сіз http://lib.yessenovfoundation.org/ сайтындағы Қордың «Кітаптар сөресі» атты арнайы тарауынан таба аласыз.