Yessenov шәкіртақылық бағдарламасы

Shakhmardan Yessenov Foundationғылыми-білім беру Қорыныңшәкіртақысытуралыережелер.

 

І Жалпы ережелер

1.1 Бұдан былай Қор деп аталатын  Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми-білім беру Қорының шәкіртақысы Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ студенттерінің оқулық, ғылыми, әлеуметтік әрекеттерін ынталандыруға және аса көрнекті геолог, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, геология және минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Ленин сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері, Ш.Уәлиханов сыйлығының иегері Шахмардан Есеновты мәңгі сақтауға бағытталған.

1.2 Ережелерде «шәкіртақы» сөзігеология мамандығының бакалавриаттың 2-4 курс студенттеріне тағайындалғанмерзімі 11 (он бір) айға 110 000 (жүз он мың) теңге мөлшерінде әр шәкіртақы алушыға берілетін ақшалай төлем мағынасын білдіреді. 

 

ІІ Ш.Есенов атындағы атаулы шәкіртақы үміткерлеріне қойылатын талаптар

2.1 Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің жоғарыда көрсетілген бакалавриат курсының студенті шәкіртақы үміткерібола алады. Бакалавриат бағдарламасында оқитын үміткерлердіңпәндер бойынша үлгерімі «жақсы» және «өте жақсы» болуы қажет. Осы мәліметтер сынақ кітапшасының немесе транскрипттің көшірмесімен расталуы қажет.

2.2 Үміткер ҚазҰТУ-ның ғылыми-қоғамдық өміріне белсенді қатысатынын мәлімдеуі және растауықажет.

2.3 ҚазҰТУ жетекшілерінің (Ректордың, Проректордың, Университеттің Ғалымдар Кеңесі мүшесінің, Институт Директорының, Деканның, кафедра меңгерушісінің) туысқаны болып табылатын студент Байқау өтінімінде туысқандық арақатынастар бар екенін жазуы керек.

2.4 Шәкіртақының тағайындалуы студенттің мемлекеттік, соның ішінде жоғары шәкіртақы алу құқығын жоймайды.

2.5 Байқау жыл сайын өткізіледі. Шәкіртақыны бір рет алған студент жалпы негіздеме бойынша берілген байқауға әрдайым қатыса алады.

 

ІІІ Шәкіртақы тағайындау тәртібі

3.1 Ш.Есенов атындағы шәкіртақы келесі талаптарға сай болатын геология мамандығы (5В070600) бойынша оқитын 2-4 курстардың ең үздік студенттеріарасынан екі студентке тағайындалады. Олардың келесі талаптарға сай болуы тиіс: 

а) осы оқу жылындағыүлгерімі «жақсы» және «өте жақсы»;

б) студенттік ғылыми-техникалық конференцияларға белсенді қатысу;

в) Университет пен институттың қоғамдық өміріне белсенді қатысу.

3.2 Байқауөткізу үшін геологиялық түсірме, КШЖ зерттеп білу және барлау кафедрасының профессорлар мен оқытушыларынан тұратынБайқау комиссиясы құрылады. Байқау комиссиясының шешімі Институттың Ғылыми Кеңесімен бекітіледі. 

3.3 Байқау комиссиясы үміткерлерді емтихан сессиясының нәтижелері бойынша іріктейді. 

3.4 Құжаттар пакеті ҚордыңҚамқоршылар кеңесіне беріледі.Үміткерлердің соңғы тізімі бекітіледі.

3.5 Қамқоршылар кеңесінің шешімі Ш.Есенов шәкіртақысы жеңімпаздарының расталған тізімі түрінде Қор бұйрығымен бекітіледі.

3.6 Шәкіртақы жылына бір рет тағайындалады және күнтізбелік жыл бойы төленеді.

3.7 Ш.Есенов шәкіртақысы үміткерлер байқауына қатысу үшін келесі құжаттар қажет:

а) студенттің өтінімі;

б) жеке куәлік көшірмесі;

в) студенттің сынақ кітапшасының көшірмесі;

г) топ эдвайзердің қолдаухаты.

3.8 Шәкіртақы атаулы болып табылады және бір студенттен басқа студентке берілмейді. 

 

IV Шәкіртақыны алу шарттары мен төлеу тәртібі

4.1 Шәкіртақы жеңімпазымен бірінші семестрге келісім-шарт жасалады. Жеңімпаздың шәкіртақы алу шарттарына қайшы келмейтін сессиянәтижелері расталғаннан кейін келісім мерзімі осы оқу жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылады.

4.2 Шәкіртақы төлемі Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми-білім беру Қорымен студенттің арасында жасалған келісім негізінде, студенттің банктік шотына аудару арқылы немесе кезектегі айдың 10 күнінен кешікпей  қолма-қол ақшалай жүргізіледі. 

4.3 Шәкіртақы төлемі ай сайын тек ҚазҰТУ студентіне ғана беріледі, егер студент басқа Жоғарғы оқу орнына ауысса, сонымен қатар академиялық демалысқа шықса, басқа университетте сынақ мерзімін өтсе және т.б., онда Шәкіртақының төленуі тоқтатылады.