«Алтайдан Каспийге дейін» атласы

«Алтайдан Каспийге дейін» атты ескерткіштер және тарих, мәдениет пен географияның назар аударарлық орындарының атласы – Қазақстан мен жақын шетелдерде ұқсасы жоқ, бірегей басылым. Бұл басылымның мақсаты - оқырмандарға мақалалар мен көрнекі материалдар арқылы оқырмандарға таңғажайып жаңалықтарды ашуға, қазақ даласы мен таулары, өзен алқаптары және теңіз жағалауларының ежелгі тұрғындарынан мұра болып қалған бірегей табиғи ландшафттармен, артефактілерімен танысып, барлық әуесқойларғақызықты саяхат жасау мүмкіндігін береді.

Бірегей басылым үстінде 5 жыл бойы жұмыс жүргізілді. Осы табандылық Қорға қазақстандық кітап басып шығару саласында мұндай үлгідегі алғашқы тәжірибе – бүкіл Қазақстанды географиялық тұрғыдан толығымен қамтитын кешенді ақпараттар ұсынылған қазақ және орыс тілдеріндегі үш томдық еңбек шығарудай іргелі жобаны іске асыруға мүмкіндік берді.

Атластағы ғылыми-көпшілік мақалалардың авторлары – табиғат және мәдениет ескерткіштерін зерттеумен ұзақ жылдар бойы тікелей айналысып келе жатқан және олардың сақталып қалуына өздерінің көп күш-жігерлерін жұмсаған ғалымдар мен мамандар. Жұмыс барысында олар Қазақстанның бес географиялық аймағында зерттеулер жүргізді.Ғылыми экспедициялардың қатысушылары бұрыннан белгілі ескерткіштерді зерттеп, археология, сәулет және тарихтың жаңа ескерткіштерін ашты, олардың құжаттамаларын толтырып, этнографиялық зерттеулерді жүзеге асырды және тура мағынасында «Алтайдан Каспийге дейінгі» жолды басып өтті. 

Басылымның мақсатты аудиториясында жас және білім деңгейлері бойынша шектеу жоқ: оқушылар мен студенттерден бастап өнер, табиғи және қоғамдық ғылымдардың әртүрлі саласындағы мамандарға дейін.Басылым Қазақстанның тарихы, мәдениеті және географиясы, флора мен фаунасына қызығатындардың барлығында үлкен қызығушылық тудырады.Көптеген қазақстандықтар өздері үшін бабалар мұрасы мен туған елдің байлықтарын танудың жаңа жолдарын ашады. 

Атласты Seimar Social Fund қайырымдылық қорының гранты бойынша көшпелілердің мәдени мұрасы мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институты әзірледі. Атластың мүліктік құқығы Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми-білім беру Қорына тиесілі.