Қосымша ақпарат

Анықтамалық мәлімет

АҚШ-тағы жоғары білім жүйесі Қазақстанда қалыптасқан жүйеден ерекше. Жоғары білімді колледжде немесе университетте ала алады. ЖОО оқу екі жыл (associate дәрежесі, орта мамандандырылған білім сияқты), төрт жыл (bachelor дәрежесі), бакалавр, жоғарғы білімнің кең тараған формасы, және (master дәрежесі, магистр немесе doctor of philosophy, философия докторы) құрайды. Ережеге сай, университет студенті болу үшін, орта білім аттестаты қажет. Көптеген мекемелер 17 жастан кіші шетел студенттерін қабылдамайды. 

 

АҚШ университеті білімінің негізгі білім дәрежесі келесі санаттарға бөлінеді:

- Associate Degree (бакалавр кандидатының дәрежесі)

- Bachelor (бакалавр)

 

Университеттен кейінгі білім дәрежесіне жататын:  

- Master’s Degree (магистр дәрежәсі)

- Doctoral Degree (доктор дәрежесі)

 

Бакалавр кандидаты дәрежесі (Associate Degree) колледж немесе университеттің екі жылдық күндізгі немесе сырттай оқу бағдарламасын сәтті аяқтағанда беріледі. Өнер бакалавр кандидатының дәрежесі (The Associate of Arts/A.A.) немесе ғылым бакалавр кандидаты (Associate of Science/A.S.) төрт жылдық колледждегі білімге ұқсас, білім бағдарламасын аяқтаған студенттерге беріледі. Қолданбалы ғылым бакалавр кандидатының дәрежесі (The Associate in Applied Science/A.A.S.) көптеген кәсіби немесе техникалық білім бағдарламасын аяқтаған колледж студенттеріне беріледі. 

 

Бакалавр дәрежесі — колледжде немесе университетте күндізгі немесе сырттай төрт немесе бес жылдық оқу бағдарламасын аяқтаған студенттерге берілетін дәреже. Өнер бакалавры (Bachelor of Arts/B.A.) және ғылым бакалавры (Bachelor of Science/B.S.) бакалавриаттың кеңінен тараған дәрежелері.   

Бұл дәрежелер арасында үлкен айырмашылық жоқ. Шетел студенттері әдетте сырттай оқи алмайды және барлық оқу жылдарында күндізгі формада оқу керек.  

АҚШ тағы бакалавриаттың  ең тартымды жақтарының бірі ол өте ыңғайлылығында. Әдетте сіз курстардың кең шоғырынан таңдау жасап және өз жеке оқу бағдарламаңызды құра аласыз. Дәреже белгілі бір шамадағы кредиттерді аяқтағаннан кейін беріледі. Оқудың бірінші жылында студентті freshman деп атайды, екінші жылғы – sophomore, үшінші оқу жылындағы студент – junior; ал төртінші – senior.

 

Магистр дәрежесі (Master's Degree) студентке бакалаврмен салыстырғанда жоғарғы деңгейде мамандығы бойынша қосымша біліммен қаматамасыз етуге арналған. Магистр дәрежесі әр түрлі аймақта ұсынылады, және бағдарламаның екі негізгі түрі бар: 

Академиялық және кәсіби. АҚШ-та асперантураны аяқтаған адам өнер магистрі (Master of Arts/M.A.), ғылым магистрі (Master of Science/M.S.) немесе философия докторы (Doctorate of Philosophy/Ph.D) дәрежесін алады. Философия докторы — АҚШ тағы ең үлкен ғылыми дәреже. Бұл дәрежені алу үшін кем дегенде үш жылдық білім алып және диссертация қорғау қажет. Өнер магистрінің дәрежесі немесе жаратылыстану ғылым магистрі дәрежесі асперантурадағы екі жылдық оқудан кейін беріледі.  

  • Академиялық магистр (Academic Masters): өнер магистрі немесе ғылым магистрі дәрежесі әдетте ұлттық өнер, ғылым және жаратылыстану пәндері аймағында беріледі. Бұдан басқа ғылым магистрі дәрежесі, техникалық аймақта, машина құрылысы және ауыл шаруашылығы аймағында беріледі.  
  • Кәсіби магистр (Professional Masters): Бұл бағдарламалар студентті бірінші дәрежені алғаннан кейін белгілі бір мамандықпен қаматамасыз етуге бағытталған. Кәсіби магистр дәрежесі «соңғы» магистр бағдарламасы болып келеді. Яғни бұл олар докторлық бағдарламаларға бағытталмайды дегенді білдіреді. Бұндай магистрлық дәрежелердің нақты атаулары болады, іскерлік басқарушылық магистр (Master of Business Administration / M.B.A.), әлеуметтік жұмыс магистрі (Master of Social Work/M.S.W.), білім магистрі (Master of Education/M.Ed.) немесе көркем өнер магистрі (Master of Fine Arts/M.F.A.) деген сияқты. Кәсіби магистрлік бағдарламалардың басқа да аймақтары – журналистика, халықаралық қатынас, архитектура, мемлекеттік басқару және мемлекеттік политика.  

Доктор дәрежесі (Doctoral Degree)

Докторлық дәрежелер көбінесе зерттеуші ғалымдарды және болашақ колледждің және университеттің оқытушыларын даярлауға арналған.  

Докторантура дәрежесіндегі философия докторы (Doctor of Philosophy/Ph.D.) – академиялық пәндерді оқығаны үшін берілетін, көбінен тараған дәреже. Басқа докторлық дәрежелер білім (педагогика ғылым докторы – Doctor of Education/Ed.D.) және іскерлік басқару (іскерлік басқару докторы – Doctor of Business Administration/DBA) сияқты кәсіби аймақтарда беріледі. Докторлық бағдарламаларға алға жылжыған курстық жұмыстар, семинарлар, студенттің жеке зерттеуін сипаттайтын диссертациялар кіреді. Филосифия докторы дәрежесі өз зерттеуін жүргізген, сол зерттеуді сипаттайтын диссертация жазған және өз жұмыстарын комиссия мен оқытушылар алдында сәтті қорғап шыққан студенттерге беріледі. Бұл үрдіс қосымша екі немесе үш жылды алуы мүмкін. Доктор дәрежесін алуға, мамандыққа қарай, бакалавр дәрежесін алғаннан кейін бес жылдан сегіз жылға дейін уақыт кетеді.   

 

Белгілі бір академиялық мамандықты алу үшін, қандай колледж немесе университет үздік болып саналатынын АҚШ колледждері және университеттері жайлы жазылған журналдардан немесе басылымдардан білуге болады. АҚШ-та колледждер мен университеттердің арнайы рейтингі жоқ екенін ескерген маңызды. The U.S. News&World Report жариялайтын рейтингтері – АҚШ-тағы университеттерінің көпшілік мойындаған рейтингі. Толығырақ ақпаратты келесі сайттан қарауға болады: www.usnews.com

 

Қандай университеттің лайық екенін шеше отырып, бағасы, орналасқан жері, мамандықтары деген сияқты факторларды да ескерген жөн. 

 

АҚШ-та білім алудың негізгі талабы – ағылшын тілінде қарым қатынас жасай білу. Егер ағылшын тілі сіздің ана тіліңіз болмаса, америкалық университеттер мен колледждер сізді оқуға қабылдамастан бұрын ағылшын тілі тестісін тапсыруды сұрайды. Барлық мекемелерде TOEFL немесе IELTS нәтижелерін сұрайды. Қосымша мәлімет алу үшін нақты бір колледждің каталогіне қараңыз немесе жағдайыңызды талқылау үшін қабылдау комиссиясына хабарласыңыз. АҚШ-тың әрбір мекмесі білім аймақтарында абитуренттерге арналған ағылшын тіліне деген өздерінің стандарттарын орнатады. Кейбір оқу орындары колледждерде сабақ басталғанға, академиялық бағдарламаға дейін ағылшын тілін (ESL (English as а Second Language) екінші тіл ретінде оқу керек деген талаппен алды. Ағылшын тілінен қажетті деңгейге жеткенде, сіз оқуды бастай аласыз. Кейбір жағдайларда егер сіз ағылшын тілін жетік меңгергеніңізді дәлелдей алмасаңыз, АҚШ-та оқу үшін студенттік виза алу қиынға түседі. 

 

Мақала келесі ресурстардан алынған ақпараттардан әзірленген:

www.prousa.ru

www.library.vladimir.ru