Эльдар Ахметгалиев Бағдарлама жайында

Эльдар Ахметгалиев Бағдарлама жайында Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми-білім беру Қоры мемлекеттің ғылыми әлеуетін дамыту аясында жаратылыстану-ғылыми және техникалық мамандықтардың жоғарғы курс студенттеріне арналған АҚШ-тың ЖОО докторлық бағдарламасына сынаққа жіберу бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отыр. 

 

АҚШ университтерінің зертханаларында жас студенттерді жазғы ғылыми машықтануға тарту – осы жоғарғы оқу орындарынынң іс-тәжірибесі. Бұл машықтанулар студенттерге бай тәжірибе алуға және өздерін зертхана басшыларына танытып, америкалық университеттерінің Ph.D. бағдарламасына оқу орны қаражатынан (немесе өз қаражат есебінен) оқуғашақыру алуға бірден-бір мүмкіншілік. 

Бұл бағдарлама дайындалу үстінде.  Қордың осы бағдарлама бойынша сарапшысы және кеңесшісі АҚШ-та жұмыс жасайтын және оқитын, жас қазақстандық ғалымдар тобының басшысы - Эльдар Ахметгалиев. http://www.its.caltech.edu/~eakhmetg/

 

 

Төменде сіздердің назарларыңызға АҚШ-тағы Ph.D. бағдарламасы бойынша жиі қойылатын сұрақтар, сонымен қатар жазғы машықтанулар жайлы Калифорния Техникалық Университетінің қолданбалы математика мамандығының асперанты, ғылыми маман Эльдар Ахметгалиевтың жауабын ұсынамыз. 

 

Ph.D.-ге түсу не үшін қажет?

Қазіргі ғылыми әлемде бұл докторлық дәреже қажет. Зерттеумен айналысатын компанияда жұмыс істесеңіз де немесе, университетте оқытушыс болсаңыз да Ph.D. – зерттеумен айналысудың ең төменгі сатысы. Кейбір үлкен компаниялардың R&D бөлімдерінде Ph.D. дәрежесіз қызмет сатысымен жоғары көтерілу қиын.

 

Ph.D.-де оқу ақысын кім төлейді? 

 Ph.D. техникалық және жаратылыстану-ғылыми мамандықтары бойынша АҚШ-тың, Еуропаның, Канаданың, Австралияның және кейбір азиаттық университеттерінде (Сингапур, Гонконг) Ph.D.-де әдеттегідей тегін оқуға болады. Бұнымен қатар студенттерге тұруға қажетті шәкіртақы төленеді (қаражат көлемі тұрғылықты жерге байланысты. АҚШ-та шамамен 1500-2000 АҚШ доллары).  Алайда түсу кезеңі конкурс арқылы өтеді. Профессорлардың атынан жазылған ұсыныс хаттар да маңызды.  

 

Жазғы ғылыми машықтану деген не?

Жазғы машықтану бакалавриат студенттеріне (1-3 курс) бойы ғылыми тәжірибемен айналысуға мүмкіндік береді. 

 

Бұл университетке не үшін қажет?

Университет студеттерді жазға жұмыс күші ретінде жалдай отырып, оларға лабораториялық жұмыстардың бір бөлігін машықтануға, ал зертхананың басқа мүшелеріне тәлімгерлік қадір-қасиетке үйренуге мүмкіндік береді.  Сонымен қатар машықтану мерзімі аяқталғаннан кейін, егер студент өзін жақсы көрсетсе профессордан ұсыныс хат алады.

 

Бұл студентке не үшін қажет?

Ғылымға қызығушылық танытатын студенттерге машықтану асперантура алдында тәжірибе жинауға, нағыз ғылыми жұмыстың қалай жүргізілетінін білуге мүмкіндік береді.  Америка университеттерінің көптеген Ph.D. студенттері асперантура алдында бір немесе екі машықтанудан өтеді.  Бұл ғылыми кадрларды ерте кезеңде дайындау үрдісінің үлкен бөлігі. 

 

Машықтануды кім қаржыландырады?

Ереже бойынша қаржыландыру конкурс негізінде университеттен немесе біліми гранттар ұсынатын мекемелердің атынан жүреді. Бірақ та осы сияқты гранттар сол мемлекет азаматтарына ғана есептелген.  Сонда да шетел студенттерінің конкурстарға қатысу мүмкіндіктері бар. 

 

Шахмардан Есенов Қоры Қазақстанның талантты студенттеріне қор атынан машықтануға грант алуғу ерекше мүмкіндіктер ұсынады.