Shakhmardan Yessenov Foundation ғылым және білім беру қорының Ш.Есенов атындағы КМТИУ оқытушыларына арналған жолақы гранттары байқауы.

Shakhmardan Yessenov Foundation Ғылыми-білім беру Қоры геология, мұнай мен газды барлау салаларында маман болуға дайындалып жатқан Ш.Есенов атындағы КМТИУ студенттерінің бәсекелесуге қабілетін арттыруға бағытталған білім беру және ғылыми бағдарламаларын іске асыруды жалғастыруда. 

Байқау негізінде Қазақстан аумағында, таяу және алыс шетелдерде өткізілетін ғылыми форумдарға, конференцияларға, симпозиумдарға, семинарларға, олимпиадаларға, сынақ мерзімін өтуге, қысқа мерзімді курстарға және басқа шараларға оқытушылардың және қызметкерлердің қатысуы үшін Қор жолақы гранттарын бөледі. 

ҚАТЫСУШЫЛАР:

• Ш.Есенов атындағы КМТИУ оқытушылары;

• Ш.Есенов атындағы КМТИУ қызметкерлері.

ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

• Алынған білімі мен дағдыларын Университеттің тәжірибелік және ғылыми қызметіне қолдануға дайын болуы (егер лайықты болса);

• Алынған білімі және дағдыларымен КМТИУ оқытушылары, қызметкерлері және студенттерімен бөлісуге дайын болуы;

• Жеке кәсіби әлеуетін дамытуға ұмтылысы және белсенді ұстанымы болуы қажет.

Өтінімдерді қабылдау тәртібі

• Байқау 01.09.2013 жылдан бастап жүргізілуде

• Өтінімдердің тапсыру мерзімдері:

2.1. Алыс шетелдерде өткізілетін шараларға қатысу үшін – шараның басталуына дейін ең кемінде 45 күн бұрын;

2.2. Қазақстан және ТМД елдері аумағында өткізілетін шараларға қатысу үшін – шараның басталуына дейін ең кемінде 20 күн бұрын;

• Үміткер таңдаған іс-шараға қатысуы үшін толтырылған өтінімді Қорға төмендегідей қажетті құжаттармен тапсыруы тиіс; 

Қор сапармен байланысты барлық шығындарды қамтиды: жол ақыны, қонақ үй, тәуліктік ақыны, іс-шараның бағасын.  Ұшақ билеттерін брондау мен сатып алудан басқа (қажет болған жағдайда), іс-шараға қатысумен байланысты ұйымдастыру шараларымен үміткерлердің өздері айналысады. 

 

Байқауды өткізу тәртібі:

Үміткерлерді іріктеу бірнеше қадамдардан тұрады:

 

1-қадам. Өтінімдерді қабылдау.

• Белгіленген мерзім ішінде, толтырылған өтінімдер мен қажетті құжаттар толығымен Қордың келесі электрондық поштасына жіберілуі тиіс - f.yessenov@gmail.com.  Құжаттардың қабылдандығы туралы Қордың қызметкерлерімен + 7 727 349 40 04 телефоны арқылы растау – үміткердің жеке бас міндеті;

• Өтініммен бірге келесі құжаттар қосылуы қажет:

2.1. университет ректорынан немесе ғылым/білім бөлімінің проректорынан, таңдалған іс-шараның КМТИУ-дің жалпы дамуына маңыздылығын растайтын кепілдемелік хат;

2.2. іс-шараға қатысу жайлы ресми шақыру қағазы немесе жоспарланған шара жайында хабарландыру мен жалпы ақпарат;

2.3. уміткердің шараға қатысу мақсаттары мен қатысудың маңыздылығы жайында шағын келген уәждемелік шығарма (А4 форматынан аспайтын, Times New Roman, 12-кегль);

2.4. ұйымдастырушылардың байланыс мәліметтері;

2.5. іс-шара туралы ресми ақпарат (веб-сайтқа сілтеме, шақыру қағазы, баспасөз құралдарындағы хабарландыру және де тағы басқа);

2.6. іс-шарада сөз сөйлейтін жағдайда, баяндаманың тезистері (екі беттен аспауы тиіс);

2.7. жол шығындарының сметасы;

2-қадам. Қаржыландыру туралы шешім қабылдау.

Өтінімдер тапсырылған күннен бастап 10 жұмыс күн мерзімінде қарастырылады.  Қаржыландыру жайындағы шешімді Қордың Қамқоршылар кеңесі қабылдайды.  Қорытынды шешімдер қабылданған сәттен бастап бір тәулік ішінде үміткерлердің назарына жеткізіледі. 

3-қадам. Қаржыландыру мақұлданған жағдайда, грантты ресімдеу мен беру.  

Үміткер мен Қор арасында келісім-шартқа қол қойылады.  Шараның аяқталу сәтінен бастап 10 (он) жұмыс күн  ішінде, шараға қатысқандығы туралы және білім мен жаңа дағдыны КМТИУ студенттеріне жеткізу жайындағы ұсынысты жазбаша есептемеде беруі тиіс.

 

Байланыс тәсілдері:

Shakhmardan Yessenov Foundation Ғылыми-білім беру Қоры

www.yessenovfoundation.org, f.yessenov@gmail.com, + 7 727 394 40 04, + 7 727 394 40 05 Ф

 

Өтінім

Байқау ережелері