Ағылшын тілі бағдарламасы, 2017-2018

«Shakhmardan Yessenov Foundation» ғылыми-білім беру Қоры Bonas Macfarlane Education алдыңғы қатарлы британ тіл мектебінің арнайы бағдарламасы бойынша ағылшын тілін оқытуға байқау жариялайды. Ағылшын тілін оқыту Ұлыбританиядан келген жоғары білікті оқытушылардың жетекшілігімен жүргізіледі. 

 

Байқауда Қорқыт Ата атындағы ҚМУ муғалімдері және келесі факультеттерінің студенттері қатыса алады:

• Жаратылыстану факультетінің «Биология, география және химия» кафедрасы 

• Инженер-технологиялық факультет,

• Инженер-экологиялық факультет, 

• Экономика және ақпараттық технологиялар факультеті

 

Егер де сіздер өздеріңіздерден көшбасшылық қасиеттерді байқасаңыздар, болашақ жұмыстағы мансаптарыңызға алаңдаумен қарасаңыздар және Қазақстаннан тыс жерде білім алуды жоспарласаңыздар байқауға қатысу өтінімдеріңізді күтеміз!

 

Өтінімдер 2017 жылдың мамыр айының 10-на дейін (23:59) қабылданады.

 

Толық ақпаратты 8(771)775 6332 (Жадыра), +7 771 718 7101 (Нұрсұлтан) телефондары арқылы ала аласыздар.

 

Өтінім [54 Kb] (cкачиваний: 68)